spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Полиция ағымдағы жылдың 4 қазанында Ақмола облысының тұрғындарын интернет-алаяқтармен алдаудың бір күнде төрт жағдайын тіркеді

Сондай-ақ...оқыңыз

Белгісіз адам Б.-ға қоңырау шалып, «Каспий Банкі»-де оның есіміне несие алуға тырысып жатқанын айтты, содан кейін оны Қауіпсіздік қызметкеріне ауыстырды. Кейін «қауіпсіздік қызметкері» несиені жою үшін жәбірленуші банкте несиені өзі рәсімдеп, алаяқ көрсеткен шотқа қаражатты аудару керек деп мәлімдеді. Алданған Б. «Каспий Банкі» АҚ-нан несие алып, алаяқтың шотына 480 000 теңге аударды.

Белгісіз тұлғалар алдау жолымен А.-дан жеке деректерін алып, ұялы телефонында орнатылған «Форте Банк» АҚ қосымшасын қашықтан пайдаланып, 797 000 теңге сомасына несие ресімдеді. Бұл туралы өтініш берушіге банктен СМС-хабарламалар келіп түскеннен кейін белгілі болды.

К. абоненттік нөміріне алаяқтан «Тик-Ток» қосымшасында ақшалай қаражат табу ұсынысымен СМС келіп түсті (ақшалай қаражат салу және негізгі соманы қайтарумен салынған сомадан 40% пайданы алу жолымен). Бұдан әрі К. келісіп, алаяқтың банктік картасына 887 400 теңге ақша аударған.

Белгісіз адам Д.-ға қоңырау шалып, өзін Тимур есімді «Инвест» аналитикалық компаниясының қызметкері ретінде таныстырып, сауда биржасына ақша салуды ұсынды. Жәбірленушіге салынған сомадан пайда табуға уәде беріп, соңғысынан шотқа 82 000 теңге аударып, телефонды өшірді.

Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Фото: Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img