spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында Президент жолдауы негізінде мәдени іс-шаралар легі артты

Сондай-ақ...оқыңыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстан мәдениеті жас дарындардың арқасында жаһандық деңгейде танылып жүр. Осы орайда, жаңа мәдениетті және оның дарынды өкілдерін дәріптеуге бағытталған нақты шаралар жүзеге асырылуы тиіс, – деп атап өтті.
Қазақстанның мәдени астанасы- көркем Көкшетау бқрын да мәдени іс-шаралардың саны мен сапасы жағынан әсте төмен емес-ті. Ұлттың мәдени құндылығын бұқара санасына сіңіру ел бүгіні мен болашағы үшін қашанда маңызды. Осы тұста облыс төңірегінде жасалған ауқымды шаралар тізбегін назарларыңызға ұсынамыз.
Тұңғыш рет Ақмола облысының өнер майталмандары «Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамының ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрімізді, мәдениетімізді, өнерімізді, насихаттап, көрерменге кеңінен дәріптеу мақсатымен ұйымдастырған «Жеті қазына» телевизиялық шоу бағдарламасының түсіріліміне қатысып дәстүрлі ән, ауылдың алты ауызы, терме, күй, би, айтыс бойынша бақ сынасты.
Мега жобаға айтыскер, ақын, жыршы-термеші Арман Бердалин бастамасымен айтыскер ақын Нұрислам Әбділ, Бұланды ауданының «Оқжетпес» тобы, Қосшы қаласынан Бауыржан Нұрмұханов, Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясынан Саят Бабаев, Сарсенбай Хасенов, «Гәкку» би ансамблі лайықты өнер көрсетті.
Сондай-ақ, ұлы жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың 125 жылдығы аясында облыстық орыс драма театрында режиссер, «Золотая маска» премиясының иегері Тимур Куловтың «Көксерек» атты қойылымының тұсау кесері өтті.
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған қалалық арнайы кітапханада тұңғыш рет арнайы рельефті-нүктелі шрифтпен жазылған «Көксерек» кітабының тұсау кесері, «Көкшетау» мәдениет сарайында «Жас батыр» облыстық байқауы, «Әуезов жауһарлары» жас прозаиктер байқауы өтті.
Ерейментау ауданында ұйымдастырылған Үмбетей Тілеуұлының 325 жылдығы және Кенесары Қасымовтың 220 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жырлары» атты облыстық жыршы-термешілер байқауына 10 жыршы-термешілер қатысып, жүлделі орындарға Қуанбек Елбол (Қосшы қаласы), Естайұлы Абдуррахман (Аршалы ауданы), Мейрам Жанайдар (Ерейментау ауданы), Кенесары Мизамов (Қосшы қаласы) иеленді.
«Дала фольклоры мен музыкасының мың жылдығы» жобасы аясында Бұланды ауданында өткізілген Қазыбек бидің 355 жылдығына және балалар жылына арналған «Бала ақын – жас дарын» облыстық оқушылар айтысына Ерейментау, Бұланды, Бурабай аудандары мен Нұр-Сұлтан, Көкшетау қалаларынан жас ақындары қатысты.
Қазақстанның халық әртісі Гүлнәфіс Баязитованың 105 жылдығына арналған «Ғасырлардан жеткен үн» тұңғыш облыстық қобызшылар байқауына Целиноград, Зеренді, Аршалы, Астрахан, Ерейментау, аудандары және Көкшетау қаласы қатысты.
Шортанды ауданында өткізілген халық әртісі Күләш Байсейітованың 110 жылдығы және Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған «Қазақтың бұлбұлдары» облыстық байқауына Целиноград, Сандықтау, Аршалы, Бурабай, Ерейментау аудандарымен Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалалары қатысты.
Балалар жылы аясында балалар шығармашылық ұжымдары мен жас орындаушыларды қолдау мақсатында Бурабай ауданында «Өнерлі өрге жүзер» атты облыстық өнер байқауына Целиноград, Қорғалжын, Ерейментау, Зеренді, Бұланды, Сандықтау аудандары, Көкшетау, Степногорск қалалары белсенді қатысты.
Қазақстан Республикасының халық әртісі, вальс королі атанған ұлы сазгер – Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған «Ән аға – Шәмші аға» облыстық фестиваліне Аршалы, Ақкөл, Астрахан, Бурабай, Бұланды,Шортанды, Целиноград, Жарқайың, Зеренді аудандары және Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалалары қатысты.
Отбасылық құндылықтарға негізделген дәстүрлі тәрбиені насихаттау мақсатында Степногорск қаласында өткізілген облыстық «Ақ жаулықты ақ әже» байқауына Целиноград, Аршалы, Бурабай, Шортанды, Біржан сал, Ақкөл, Қорғалжын, Атбасар, Жарқайың, Астрахан аудандары және Степногорск қаласы қатысты.
Дәстүрлі отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған «Бұрымды қыз» облыстық байқауына Біржан сал, Егіндікөл, Аршалы, Атбасар, Жақсы, Астрахан, Ереймментау, Ақкөл, Целиноград аудандары мен Степногорск, Көкшетау, Қосшы қалалары қатысты.
Тұңғыш вокалдық-аспаптық ансамбльдер мен кавер топтар арасындағы «Сәлем, Көкшетау!» облыстық байқау-фестиваліне Атбасар, Бурабай, Зеренді, Целиноград аудандары мен Көкшетау қаласы қатысты.
Ақмола облысында дәстүрлі жазғы «Ақ бидай» ауылдық спартакиадасының ашылу салтанаты аясында ауқымды театрландырылған қойылымға «Көкшетау» мәдениет сарайының «Көкшетау», «Он алты қыз», «Шалқыма» және «Достар» мәдениет сарайының «Асыл мұра», «Арай», Ерейментау ауданының «Жастар» және «Элегия», хореографиялық халықтық ансамбльдері, Көкшетау қаласының «Балақай» үлгілі ансамблі, Зеренді ауданының «Арқа әуендері» және Біржан Сал ауданының «Көкек» халықтық фольклорлық ансамбльдері, Целиноград, Шортанды, Бурабай, Зеренді аудандары мен Қосшы қаласынан келген 100 домбырашы бір мезетте қазақтың танымал «Көңіл ашар» күйін орындап, көпшілікті тәнті етті.
Балалар жылы аясында тұңғыш рет даңқты жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры, академик-жазушы Мәлік Ғабдуллин есімін ұлықтау мақсатында ұйымдастырылған «Жас ғабдуллиншілдер» республикалық слетіне Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Түркістан облыстарынан Мәлік есімімен аталатын 8 мектеп оқушылары қатысты.
«Ұлытау үні» республикалық фестивалінде «Өнер өлкесінің Жезкигі» атты Жақсыгелді Сейілов атындағы ІІ республикалық әншілер конкурсының жүлделі 2-і орнына Қосшы қаласы мәдениет үйінің әншісі Әкімхан Мәженов иеленді.
Павлодар қаласында өткізілген Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы республикалық көркемсөз оқу шеберлері байқауында Көкшетау Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің қызметкері Қыстаубай Нұрлан бас жүлдеге ие болды.
Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық драма театрының актері Төлеубек Көңбай «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасында режиссер Жасұлан Пошановтың «Тәшенев. Тайталас» атты 4 бөлімді телехикаясында Жұмабек Тәшенов рөлін ойнағаны біз үшін үлкен мақтаныш.
Халқымыздың бай мəдени мұрасы мен руханиятының дамуына үлес қо¬сып келе жатқан азаматтардың еңбегі бағаланатын елеулі күн ел өмірінің ең айшықты сәтіндей ыстық.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img