Көкшетау қаласының жоғары және арнаулы орта оқу орындарының белсенді, талантты студенттерінің қатысуымен «Өз ойым» атты зияткерлік сайысы өтті. Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының ұйымдастырушылары: «Бұндай сайыстарды жиі өктізу аса маңызды. Себебі, бұл қаланың ойы ұшқыр, белсенділігі жоғары, қоғам өміріне бей-жай қараймайтын жастарды анықтауға септігін тигізеді. Әрі, осындай интелектуалды ойындар жастарды бір мезгілге вертуалды өмірден алшақтатып, логикалық ойлау қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік береді».
Сайыс шарттарына сәйкес құрамында 3 адамнан аспайтын топ құрылып, команданың өзіне тән атауы мен ұраны және формасы болуы қажет. Іс-шара мемлекеттік тілде өтіп, ұлттық салт-дәстүрлер мен мәдениетке қатысты сұрақтар болды.
Шараға барлығы 17 топ қатысты. Сайыстық бағдарламаны бағалау үшін мемлекеттік мекемелер мен жастар ұйымдарының өкілдерінің қатысуымен қазылар алқасы құрылды. Олар әр топтың жауап қағазын тексеріп, қорытынды шығарып, сайыс жеңімпаздарын анықтады. Қазылар алқасы, ерекешеленген топқа немесе топ мүшесіне ынталандыру жүлделерін беруге құқылы болды.
«Жалпы іс-шара қарқынды толқында өтті, қатысушылар белсенділік танытып, жеңімпаз атануға шын ынтасын көрсете білді. Сонымен қатар әр команда топпен жұмыс істеп, практикалық тәжірибе алды»,- деді облыстық ЖРО басшысы Мәнсия Есекеева.
Ойын қорытындысы бойынша 3-орынды Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі иеленсе , 2-орынды Көкшетау гуманитарлық техникалық колледжі ие болды. Ал жеңімпаз, яғни 1 орын иегері болып М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы атанды. Қалған командаларға қатысқанын растайтын сертификаттар табысталды.