Биылғы жылы аудан көлемінде 15 көшенің атауын өзгерту жөнінде ауыл, ауылдық округ әкімдері жұмыс жүргізді. Қазіргі таңда, осы 15 көшенің құжаттары Әділет Министрлігіне тапсырылып, тағы 4 көшенің атауын өзгерту бойынша құжаттар облыстық ономастика Комиссиясының қарауына ұсынылды.
«Халық қойған әрбір жер атауы – сол жердің тарихи паспорты іспеттес. Сондықтан, биылғы жылы Қызылсай ауылдық округінің орталығы Кировский ауылының атын тарихи – георграфиялық деректерге сүйене отырып Қаражон атауына өзгерту туралы ұсынысты жергілікті халықпен келісе отырып шешкен болатынбыз. Осы туралы құжаттар да облыстық ономастика Комиссиясының қарауында. Жалпы аудан бойынша 274 көше бар, оны ішінде 74 көшенің атауы идеологиялық тұрғыдан ескірген, биылғы жылы 20 көше атауын өзертсек, алдағы жылдары 54 көшенің атауы бірте-бірте өзгеретін болады, сонымен қатар, елді мекендердің де атын өзгерту бойынша жұмыстар жалғасуда»,-деп Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы, Мария Жекебатырова.
Сонымен қатар, Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі, қазақ қоғамы мен мемлекетінің қайраткері, ағартушы, ақын, аудармашы, педагог, публицист, түркітанушы, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығымен тығыз байланыста атап өтілуде. Жақсы ауданында жоспарға сәйкес 87 іс – шара өткізіліп оған 3500 ден аса адам тартылды. Бұл мереке жылдан – жылға қанатын кеңге жайып келе жатыр. Барлық мектептерде тіл мерекесінің онкүндігі салтанатты түрде ашылды.
Қазақстан халқы тілдері мерекесінің онкүндігі қорытындылау бойынша іс-шарада тіл жанашырлары мен қазақ тілін насихаттап жүрген бірқатар тұрғындар аудан әкімі Алмагүл Аманжолқызы Кадралинаның алғыс хатымен марапатталды.
Қазіргі таңда ауданда барлығы 21 мектеп бар. Қазақ тілді мектептер саны 5, аралас білім беру мекемелері 10 және орыс тілді 6 мектеп шәкірт тәрбиелеп отыр.
Ерейментау ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы, Гаухар Сергалиеваның айтуынша, ауданда тілдер мерекесі аясында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда
«Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қазақ тілінің мәртебесін көтеру мақсатында жүргізілетін шаралар мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың бір құралы. Мәдениет пен білім беретін ұйымдардың қызметкерлері мемлекеттік тілдің қолдануға аясын кеңейтуде. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Қазақ халқының мәдениеті мен білімін ана тілде насихаттайтын іс шаралар өте көп. Ауданда тілдер күніне арналған мәдени іс шаралар жүргізілуде, мысал: Ахмет байтұрсыновтың 150 жылдығы, күнделіктер, концерттік бағдарлама және басқа шаралар. Барлық өткізілген жұмыс әлеуметтік желіде таратылып, көпшілікке насихатталуда. Оған қоса ауданда идеологиялық тұрғыдан ескірген елді мекендердің атауларының өзгертілуіне бағытталған шаралар жүргізілуде».