spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында 700-ден астам отбасыда тұрмыстық қорлық фактілері тіркелген

Сондай-ақ...оқыңыз

Отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылық пен қылмыс фактілері өңірде айтарлықтай азайған. Бірақ түбегейлі жойылған жоқ, әрине. Көп жағдайда тұрмыстық қысымға заң деңгейінде өз құқығын қорғауға қауқарсыз, құқықтық сауатсыз әйел адамдары мен шарасыз бүлдіршіндер тап болатын көрінеді. Ал, қысым көрсетушілердің басым бөлігі ащы су әсерінен, мас күйінде жанұясында ойран салушылар. Сандар дерегіне сүйенер болсақ: биыл облыс бойынша  отбасыдағы қылмыстық құқық бұзушылық саны 27%-ға төмендеген.  Тұрмыста тіркелген 40 қылмыстық құқық бұзушылықтың 22 жәбірленушісі-әйел. Бұған қоса 29 кісі өлтіру оқиғасы да  тіркеліпті.

«Әкімшілік жауапкершілікке әкелетін тұрмыстық зорлық-зомбылықты тіркеу саны 7% – ға немесе 101 фактіге азайды. Алайда, құқық бұзушылықтардың осы түрлерінің құрылымында денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру саны 19 фактіге немесе 4% – ға артты. Ол үшін жаза есебінде ескерту айтылады немесе 5 күнге қамауға алынады. Өткен жылы отбасыда ұрып-соғу саны 248-ге жеткен. Бұл үшін 10 АЕК көлемінде айыппұл немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу түрінде жауапкершілік қарастырылған»,-деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция басқармасының орынбасары Ерболат Хусаинов.

Шаңырақта болатын кикілжін деректері өткен жылдармен салыстырғанда  айтарлықтай төмендеді дедік. Бұл тұста Ақмола облыстық полиция департаментінің  ерең еңбегін айта кетпеске болмас. Айталық, биылдың өзінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл барысында 2 342 қорғау ұйғарымы шығарылды және полиция органдарының өтініші бойынша 484 іске сотта  ерекше талап қойылды.  Ішімдікке салынған отағаларының кесірінен де көп отбасының ыдыс-аяғы шытынайтыны белгілі. Осы орайда, биыл маскүнемдіктен зардап шегетін 343 адамға қатысты алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеу шаралары қолданылды, оның ішінде 200-ден астам азамат облыстық наркологиялық ауруханаға жатқызылған екен.

«Тәжірибе көрсеткендей,  әйелдердің басым бөлігі заңнамалық актілерді өте нашар біледі,оған қоса,  құқықтық білім деңгейі жеткіліксіз. Біз өз жұмысымызда қоғам сотына алғашқылардың бірі болып тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасын көтерген үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық орнаттық. Зорлық-зомбылықтың алдын-алу және болдырмау үшін қажетті мәселелерді шешу үшін ақпарат алмасып, мүдделі органдардың әрекеттерін үйлестіру аса  маңызды. Дағдарыс орталықтары әйел мен полиция арасындағы делдал болды. Түсіндіру жұмыстарын да жүйелі  түрде жүргізіп тұрамыз»,-деп толықтырды Ерболат Хусаиов.

Қазір облыста 9  дағдарыс орталығы жұмыс істейді. Алғаш ашылған күннен бастап олар зардап шегушілермен тығыз жұмыс жасап, оларды психологиялық және физикалық тұрғыдан қалыпқа келтірумен айналысады. Жыл басынан бері 300 тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына  күтім көрсетілді, оның ішінде 228-і бала, 72 әйел.

Камила Әбделманова
Фото: Рамиль Дусумов

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img