spot_img
Бейсенбі, Ақпан 5, 2026
-3.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында алкогольді заңсыз сатумен айналысатын қаскүнемдер ұсталды

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының аумағында тиісті құжаттарысыз қомақты көлемде алкоголь өнімін одан әрі өткізу мақсатында заңсыз тасымалдау және сақтау әрекеттерінің жолын кесті.

Көкшетау және Петропавл қалаларының аумағында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша жалпы көлемі 9,5 тонна спирті бар сұйықтық, бос пластик ыдыстар, дайын алкоголь өнімі табылып, тәркіленді.

Құрамында спирті бар сұйықтықтың жалпы құны 18,5 миллион теңгеден асады.
ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.

Фото: Виталий Тимкив / РИА Новости

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында жолдар сапасы мен болашағы – басты назарда

Ақмола облысының жолдары – кең дала төсінде созылған, қауіпсіздік пен сапаны айқын көрсететін заманауи тас жолдар желісі. Соңғы жылдары...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика