spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмолалық археологтар сақ обасын тапты

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының археологтары сақ жауынгерінің бірегей көмбесін тапты. Біздің дәуірімізге дейінгі 5-8 ғасырлардағы зерттелмеген қорғандардан көшпенділердің жоғары мәдениеті мен олардың әскери қолөнерінің дамығанын айғақтайтын бірнеше қола жәдігерлер  табылған. Ғалымдардың айтуынша, бұл жерде сақ тайпаларының өмір құпиясын ашатын басқа да жерлеу орындары болуы мүмкін»-, деп хабарлайды  «Aqmola News»  ақпарат агенттігі.

Сақ дәуірінің құнды ескерткіші кездей соқ табылған. Ол туралы жергілікті тұрғындар айтты. Көрнекі тексеруден кейін археологтар бірден қазба жұмыстарын бастап кеткен. Қорғандардың бірінде зерттеу жүргізіп жүрген  олар сақ жауынгерінің жерленген жеріне тап болған көрінеді. Осы жерден олар қылыш, пышақ және  оқ-дәрілермен олжалы болған. Барлығы жиырма қола артефакт. Сақ-көшпелілердің қысқалау келген  ақинақ қылышы ерекше қызығушылық тудырады.

 

 «Қылыштың ұзындығы 40 сантиметрден асады. Тұтқасында айдың символдары, яғни сақтардың аспан Құдайларына  табынғанын білдіретін жарты айдың бейнесі  бар. Сондай-ақ, жебенің ұштары екі жақты және тесігі бар екен.  Бұрынғы кезде  бұл тесікті ысқыру үшін жасаған. Бұл сақ жауынгерлерінің соғыста қарсыластарына қарағанда  анағұрлым ақылдырақ болғанын көрсетеді.  Бұл қарсыласты білектің күшімен жеңіп қана қоймай, сонымен қатар оған психологиялық қысым жасаудың амалы болған. Яғни, ату кезінде жебе ысқырады, ал жау болса одан қорқып, абдырап қалады»-, деп түсіндірді облыстық тарихы-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері, Рауан Ержанов.

Қорғанның тағы бір ерекшелігі – ол тоналмай, археологиялық жәдігерлері жақсы сақталған екен. Мұндай олжалар аймақта тым сирек кездеседі. Сондықтан археологтарды табылған  тың жәдігерлер  қызықтырмай қоймады. Мамандардың айтуынша, бұлар арқылы ғылыми жаңалықтар ашуға болады.

 «Бұл тұста тағы бір ерекшелік, орман алқабында көрінбейтін шағын формалы қорғандардың табылуы. Бұл қол жетімсіз, әрі бұрын соңды зерттелмеген нысан. Сонымен қатар, ақинақ қоладан жасалған екен. Салыстыру үшін айтар болсақ,  әйгілі Алтын адамның қылышы темірден жасалған. Диаметрі небәрі 5 метр болатын бұл  қорғаннан біз осынау құнды олжаларды таптық. Сондықтан біз осы жауынгердің жанында тағы сақ көсемінің де жерленген болуы мүмкін екенін еш күмәнсіз болжап отырмыз. Алайда бұл зерттеулер келесі жылы ғана жалғасын табады»-, деп мәлімдеді Облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі орталықтың директоры, Жасұлан Үкеев.

Әзірге артефактілер туралы алғашқы мәліметтер осындай. Енді олар жергілікті мұражайда толығырақ зерттелетін болады. Қазір археологтар қазба жұмыстарын аяқтап, қорғанды бастапқы қалпына келтіруде.

 

 

Камила Әбделманова

Фото автордыкі

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img