spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының төмендеуі байқалады

Сондай-ақ...оқыңыз
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға индексі жыл басынан бері 116,6% – ды құрады. Бұл көрсеткіш бойынша республика көлеміне біздің облыс бесінші орында. Президенттің тапсырмасы бойынша облыста өнім өндіру көлемін ұлғайту, сыртқы сауда экономикасын реттеу, монополияға қарсы жұмыстар жүргізу және бірқатар жүйелі шараларды көздейтін инфляцияны бақылау жөніндегі жұмыстар қарқынды іске асырылуда.

Кәсіпкерлік және туризм басқармасының мәліметінше, биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында облыста 80,2 млрд.теңгеге азық-түлік өнімі өндірілді, бұл 2021 жылдың кезеңімен салыстырғанда 4,8% – ға артық. Құс еті, сары май, ұн және басқа да тауарлар өндірісі артты.

Қазіргі уақытта азық-түлік саудасының барлық объектілері штаттық режимде жұмыс істеуде және негізгі азық-түлік тауарларының қоры үнемі толықтырылуда.

«Қырыққабат бағасы – 4% – ға, картоп-2,5% – ға төмендеді. 3 тауардың орташа бағасы өсті: күріш – 2,2% – ға, айран – 4,9% – ға, пияз-2,2% – ға. Бағаны тұрақтандыру үшін қорға 272 тонна күріш сатып алынды, ол 29 сауда нүктесінде жөнелтіледі»,-деп атап өтті Жаслан Айдрахманов.

Қазіргі уақытта тұрақтандыру қорынан қантты сату «Kokshe-Market», «Инмарт» әлеуметтік дүкендерінен және Көкшетау қаласы мен облыс аудандарындағы 17 дүкендер желісі арқылы жүргізіледі.

– Сондай-ақ, Тәжікстан Республикасы үкіметі жанындағы мемматрезерв төрағасымен ай сайын шамамен 400 тонна көлемінде жеміс-көкөніс өнімдерін, оның ішінде пияз жеткізу туралы келісімшартқа қол қойылды. Салыстырмалы түрде біздің нарықтағы бағадан 20-30% төмен. Облыс бойынша жағдай тұрақты, азық-түлік өнімдерін ӘКК әлеуметтік дүкендері мен көтерме сауда кешендері арқылы өткізу бір жолға қойылды, – деп атап өтті спикер.

Айта кетейік, облыста қант қоры бар және қала дүкендеріне жеткізу көлемі артты.

Камила Әбделманова
Фото автордыкі

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img