spot_img
Сейсенбі, Қыркүйек 17, 2024
1.2 C
Kokshetau

Көкшетауда үздік тауар өндірушілері анықталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін Көкшетауда «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқау-көрмесі өтті. Ауқымды шараға Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев қатысты. Жүзден астам ақмолалық өндірушілер бақ сынаған көрмеде отандық өндіріс тауарларының үздік үлгілері ұсынылды. Атап айтар болсақ, тамақ және жеңіл өнеркәсіп өнімдері, құрылыс жабдықтары, тіпті ауылшаруашылығы техникалары.
Ең үздік деген атақ үшін 25 ақмолалық компания бақ сынады. Олардың көбі беделді байқауларға бірнеше рет қатысып, сапа менеджментінің жоғары стандарттарына ие болды. Арнайы байқау комиссиясы «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар» және «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациялары бойынша жеңімпаздарды анықтады.

«Бүгінде шағын және орта бизнес саласында 130 мыңнан астам ақмолалық қарқынды жұмыс істейді. Жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнес үлесі 28% – ды құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда бизнес субъектілерінің саны 51 мыңға жетті, олардың қызметінен түсетін салық түсімдері 35,5 млрд теңгеге дейін өсті. Кәсіпкерлермен 4 мыңға жуық жұмыс орны құрылды, «Бизнестің жол картасы-2025» аясында 5 млрд теңгеге жуық қаражат қарастырылған. Өңір қабылдаған субсидиялау бойынша 1140-тан астам міндеттемелер 4 млрд теңгені құрайды. Өңірлік кезеңнің лауреаттары біздің облыстың намысын республикалық көрме-байқауда қорғайтын болады»-, деп атап өтті өңір басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, осынау ауқымды байқауды ұйымдастыру 2015 жылдан бері «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына және жергілікті жерлердегі өңірлік палаталарға жүктелген. Конкурсқа қатысушылардың басты кредосы: өндірілетін өнімнің немесе ұсынылатын қызметтің сапасы жағынан бәсекелестікке қабылетті бола білу. Кокурс-көрменің қонақтары мен қатысушылары ақмолалық өндірушілердің өнімімен танысып қана қоймай, оны сатып та ала алды. Ет, сүт, нан және кондитерлік өнімдер, халық тұтынатын тауарлар, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары және т.б. төмендетілген бағамен ұсынылды.

 

«Бұл байқау-көрме біздің кәсіпкерлер үшін өз әлеуеті мен мүмкіндіктерін көрсету үшін таптырмас мүмкіндік. Конкурсқа қатысуға 40-тан астам бизнес субъектілері өтінім берген, жарысқа 25-і қатысады. Республикалық байқауға арнайы комиссия мүшелері таңдайтын ең мықты және лайықты кәсіпорындар қатысады», – деп атап өтті Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының директоры-Ерқанат Мұсылманбек.

Талқылаудан кейін бизнес өкілдері, уәкілетті органдар кірген Конкурстық комиссия тоғыз лауреатты анықтады. Жеңімпаздарды облыс әкімінің орынбасары Елдос Рамазанов, Өңірлік кеңес төрағасы Қуаныш Рақышев, сондай-ақ ӨКП директоры Ерқанат Мүсылманбек марапаттады.
Нәтижесінде «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы бойынша «Азияфильтр» ЖШС (Бурабай ауд.), «Сапа Су» ЖШС (Қосшы қ.), «ENKI» ЖШС (Көкшетау қ.) өндріс ұйымдары жеңіске жетті. «Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясында «Блэк» ЖШС (Көкшетау қ.), «Қазгер-Құс» ЖШС (Біржан сал қ.), «Оникс» ЖШС (Көкшетау қ.) кәсіп қйымдары лауреат атанды. Аа, «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясында «Айкешов С. А.» ЖК (Атбасар ауданы), «Бижан» ет өңдеу кешені ЖШС (Көкшетау қаласы) және «CAPITAL PROJECT LTD» ЖШС (Целиноград ауданы) көш бастап тұр.

«Қазақстанның Үздік Тауары» республикалық байқауы биылғы жылдың күзінде өтеді деп жоспарлануда. Онда өңірлік кезеңнің жеңімпаздары қатысады.

 

Камила Әбделманова

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Акушер – медбике Жанат Әділова денсаулық сақтауға 40 жыл өмірін арнады

СҚО Айыртау ауданы Сырымбет орта мектебінің медбикесі Жанат Әділова 1976 жылдан бастап өмірін медицинаға арнады. Акушер, медбике және өз...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img