spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

3 ауданның 15 мыңға жуық тұрғынын ауыз сумен қамтитын “Нұра топтық су құбыры күрделі жөндеуден өтпек

Сондай-ақ...оқыңыз

Тіршілік нәрі үздігіп берілетін Егіндікөл ауданына осы жолы «AMANAT” партиясының республикалық мобильді қоғамдық қабылдау бөлмесінің өкілдері арнайы келді. Құрамында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Асқарбек Үйсімбаев бар.

Қоғамдық қабылдауға жазылғандардың алғашқы легі таза ауыз сумен үздіксіз қамтылу сияқты өткір тұрған мәселені көтерді. Светлана Гурбанова,Егіндікөл ауылының тұрғыны: су құбырының жиі жарылуынан соңғы 30 жыл бойы зардап шегіп келеміз. Шегіне жеткені сонша, соңғы айлары мүлдем ауыз сусыз қалдық. Мәселені шешуге партиядан қолдау сұрадық. Партияның атқарушы хатшысы Асхат Ораловтың тікелей араласуымен екі апта ішінде күрделі апаттың салдары жойылды. Десе де, бұл уақытша амал. Нұра топтық су құбырын жөндемей, мәселе түбегейлі шешілмейді. Бұл да партияның араласуымен 3жылда кезең-кезеңімее шешілмек. Сондықтан біз партияға үлкен сенім артып отырмыз» .

Егіндікөл ауылының су мәселесін «AMANAT» партиясы мен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары көтеріп, 30 жылғы сең жылжыды. Яғни, Нұра топтық су құбырын толық қайта жаңартылмақ. Биыл оның жобалық-сметалық құжаттамасын жасауға қаражат бөлінбек.

Өз басым бірнеше депутаттармен келісіп, депутаттық сауал жаздық. Оның жауабын да алдым. 100 млн теңге бөлініп жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып жатыр. Осы мәселені республика тарапынан «AMANAT» партиясы арқылы әдейі қолға алып, жүргізейік деп келіп отырмыз. Халықпен жүздесіп, соңғы нүктесін қоймақшымыз. Осындай күрделі мәселелерді шешу «AMANAT» партиясының мойнында болып тұр»,-дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асқарбек Үйсімбаев.

Биыл «Егіндікөл ауылындағы су құбыры құрылысының алаңын күрделі жөндеу» жобасы іске асырылуда. Оның сметалық құны-79,1 млн.теңге.

Ауыз су тапшылығынан бірнеше шағын ауылдар бүгінде мүлдем жойылып кетті,-дейді Егіндікөл ауылына суы мүлдем жоқ ауылдан көшіп келген Гамзат Сағындықов. «Аманат партиясына алғысым зор. Мәселені көтеріп, жоғарыға жеткізуде. Нәтижесінде су мәселесі шешіліп жатып. алғысымды айтамын»,-дейді.

Десе де, тозығы жеткен құбырларды жөндеумен ауыз су мәселесі түбегейлі шешілмейді. Ол үшін Нұра топтық су құбырын толық қайта жаңарту қажет. Бұл мәселені соңына дейін жеткізуді партия өз мойнына алып отыр. Жоспар бойынша Нұра топтық су құбырын күрделі жөндеу кезең-кезеңімен 2025 жылға дейін жүзеге асырылмақ.

Мобильді қоғамдық қабылдау барысында ауыз су мәселесінен басқа ұялы телефон байланысының жоқтығы мен субсидия және аудандық аурухананың асханасын жөндеуден өткізу мәселелері көтерілді. Тұрғындардың барлық мәселелері партиялық бақылауға алынды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img