spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.7 C
Kokshetau

 «Мемлекеттік тілдің мәртебесін күшейту керек», – Гүлден Тлеубердина

Сондай-ақ...оқыңыз

Филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Гүлден Тлеубердина «AQMOLA NEWS» тілшісіне берген сұхбат барысында мемлекеттік тілді дамыту тақырыбында пікірін айтты.

   – Қазақ тілін дамытуға қатысты ойыңызды білсек. Жастар арасында мемлекеттік тілді дамыту үшін қандай әрекеттер жасалуы керек?

– “Отан-отбасынан басталады” деп тегін айтылмаса керек. Ана тілінде сөйлеу үшін бірінші кезекте ата-ана қазақ тілінде, мемлекеттік тілде сөйлеу керек. Сонда ғана жастар өз тілінде сөйлейтін болады. Орта қай тілде сөйлесе, жастар сол тілде сөйлейді.

   – Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту үшін қандай реформалар еңгізу керек?

– Ол бір ғана жол. Тіл мәселесіне қатысты трансформация жасау. Мемлекеттік тіліміз қазақ тілі болғасын, ана тіліміздің мәртебесін үстем ету керек. Яғни, басқа тілдерді (орыс, ағылшын, т.б.) тек қарым-қатынас тілі ретінде қалдырып, қазақ тілі өзінің “Мемлекеттік тіл” статусын күшейтіп, қолданылу аясын кеңейту керек. Мысалдар өте көп.

   – Педагогтар тарапынан қандай жұмыстар атқарылуы керек? 

– Қазақ тілін үйрететін мұғалімдерге ғана қатысты ойымды айтар болсам, өзім сол саланың маманы, әрі сол мұғалімдерді дайындайтын, оқытатын оқытушы ретінде осы салада жүрген бәрімізге үлкен жауапкершілік артылғанын жақсы білеміз. Талап жоғары. Себебі бүгінгі жаһандану заманында, цифрланған қоғамда ана тіліміз өз елімізде қолданылу аясын кеңейту керек. Олай болса, қазақ тілі мен әдебиетін оқытатын мұғалімдер тек сол тілдің аясында ғана емес, бүкіл саланың бүгінгі трендтерін, талаптарын меңгере, біле отырып, заманауи, инновациялық тұрғыдан қаруланған білім мен әдістемені терең білуі керек.

   – Латын әліпбиіне көшуге қатысты ойыңыз қандай? Білім саласына, мемлекттік тілдің дамуына кедергі келтірмей ме?

– Латын әліпбиіне көшу мәселесін Президентіміз Қ.Тоқаевтың өзі бұл маңызды мәселеде асығыстық керек емес деп, шегеріп қойғанын бәріміз жақсы білеміз. Өте дұрыс шешім. Себебі бүгінгі күні бұл мәселемен, яғни, латын графикасын өзінше шығарып жүрген тілшілерді байқап жүрміз. Негізі алдағы уақытта латын графикасының дұрыс жазылуын, емлесін тіл саласының нағыз майталмандары жиналған қара шаңырақ А.Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының ғалымдары ұсынған нұсқаны қабылдап, соның аясында жұмыс істесек дұрыс деп есептеймін.

   – Өзініздің шығарған бірталай еңбектеріңіз бар екенің білеміз. Тағы тіл тақырыбында жазған кітаптарыңыз бар?

– Жақында ғана Алматының үлкен баспаларының бірінде құстар мен өсімдіктердің уәждемелі-салыстырмалы сөздігі жарық көрді. Енді бұл еңбек барлық ЖОО кітапханаларында бар, сұранысқа ие, қолданыста. Ғылыми еңбек ҚР БжҒМ гранттық қаржыландыруымен жүзеге асырылған “Ұлтаралық және мәдениетаралық қарым-қатынас аспектісіндегі қазақ халқының ұлттық-мәдени басымдықтары” тақырыбындағы маңызды, көлемді ғылыми жобаның бір нәтижесі.

Әңгімелескен Камила Абдельманова

Фото Гүлден Тоқатқызының
жеке мұрағатынан

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img