Ақмола облысының прокуратурасында облыстың автомобиль жолдарының қауіпсіздігі мәселелері бойынша Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Облыс прокуроры А. С. Майлыбаевтың төрағалығымен Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырысқа Үйлестіру кеңесінің тұрақты мүшелері-облыстың құқық қорғау және арнайы органдарының басшылары, сондай-ақ басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар қатысты.
Бүгінгі отырысты өткізудің себебі, жыл сайын облыс жолдарында зардап шеккен және қаза тапқан азаматтардың саны әлі де елеулі болуына байланысты. Тек өткен және ағымдағы жылдың өзінде жолдарда біздің 100-ден астам азаматтарымыз қаза тапты, ал бір жарым мыңға жуық адам зардап шекті.
Облыстық полиция Департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғалары негізінен жол төсемінің техникалық жағдайына, жекелеген учаскелерде бағдаршамдар мен айырым белгілерінің болмауына және т.б. байланысты орын алады.
Облыс прокуроры Айдос Майлыбаев біз статистикалық сандарға ғана мән бермей, сол сандардың артында адамдардың өмірі мен тағдыры тұрғанын түсінуіміз керек деп атап өтті. Сондықтан осы мәселелерді түзеу үшін біз оларды шешудің нақты тетіктерін жасауымыз керек.
Үйлестіру кеңесінің қорытындысы бойынша отырысқа қатысушылар облыстың автожолдарындағы қауіпсіздікті арттыру бойынша бірлескен Жоспарға қол қойып, бекітті.
Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі