spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ауылішілік жолдардың қалпына келтірілуін партияның бақылау комиссиясы өз қадағалауына алып отыр

Сондай-ақ...оқыңыз

Елорда маңайында орналасқан Целиноград ауданына қарасты Жаңажол ауылының тұрғындары «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесіне ауылдың ішкі жолдарын жөндеп беру өтінішімен бірнеше рет келген болатын. 2018 жылы ауылдың ішкі жолдарын күрделі жөндеуден өткізу бойынша жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалды. Соған сәйкес ауылдың 12 көшесі мен ауылға кіре беріс жолдар жөнделуі тиіс. Бүгінде жөндеу жұмыстары басталды. Алайда, жобаның толық аяқталуы желтоқсанға жоспарланған. Партияның бақылау комиссиясы аталған жобаның өз мерзімінде аяқталуын  бақылауда ұстап отыр.

Сондай-ақ, Аршалы ауданының орталығындағы Республика көшесінің ойдым-ойдым жолдарын тегістеу бойынша түскен өтініш бірден орындалды деуге болады. Қабылдауды жүргізген аудандық мәслихат депуаты, әрі аумақтық филиалдың атқарушы хатшысы Гүлмира Ахимова тұрғындардың өтініші бойынша жұмысты мықтап қолға алды. Ол уәкілетті орган өкілдерімен бірлесе отырып, мәселенің жылдам, әрі оңтайлы шешілуіне ықпал ете білді.

 

Партияның ықпал етуімен шұңқырларды тегістеу бойынша жұмыстар Егіндікөл ауданының орталығында да жүргізілді. Халық қалаулыларының қолдауымен аудандық бюджеттен бұл мақсатқа 1 млн. 800 мың теңге бөлінді. Бүгінде жұмыстар толық аяқталып, халық өз ризашылық білдіруде.

Аманаттықтардың қолдауымен Зеренді ауданының М.Ғабдуллин ауылының ішкі жолдарына бүгінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл да партияның қоғамдық қабылдау бөлмесіне түскен өтініштер бойынша қолға алынған жұмыс. Бүгінде бюджеттен 85,1 млн. теңге көлемінде қаражат бөлініп, мердігермен келісімшарт жасалды. Қазірде жөндеу жұмыстары қызу жүруде.

Көшпелі қабылдаулар да өз жемісін беруде. Мәселен, осындай қабылдаулардың бірінде тұрғындардан келіп түскен өтініш бойынша Біржан сал ауданының Степняк қаласының екі көшесі абаттандырылып, спорттық, әрі ойын алаңдарын орнату жұмыстары жүруде. Бұл жастар мен балалардың бос уақытын ұйымдастыру үшін өте қажет екені сөзсіз. Жоспар бойынша жоба ағымдағы жылдың шілде айында тапсырылуы тиіс. Аталған жұмыстар партиялық бақылауға алынып отыр.

///////////////////////

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img