spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Референдумға баратын адам нені білу керек

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚазАқпарат ҚР Орталық референдум комиссиясынан алынған мәліметтер негізінде референдумда дауыс берушінің құқықтары мен міндеттері көрсетілген нұсқаулық ұсынады. Сонымен, 5 маусым күні референдумда дауыс беруге ниеттендіңіз дейік…

І. Сіздің негізгі құқықтарыңыз мен міндеттеріңіз мынадай: «Республикалық референдум туралы» ҚР Конституциялық Заңының 5-бабы бойынша референдумға қатысу құқығына 18 жасқа толған республика азаматтары ие. Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ, сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың референдумға қатысуға құқығы жоқ. Республиканың өзге азаматтарының референдумға қатысу құқығын қандай да болмасын тікелей немесе жанама шектеуге жол берілмейді және бұл заң бойынша жазаланады. Азаматтар референдумға тең негізде қатысады және олардың әрқайсысы бір дауысқа ие болады. Азаматтар референдумға тікелей қатысады, яғни әркім өзі үшін ғана дауыс береді.

ІІ. Өз учаскеңізді білу үшін ЖСН мен интернет болса жетіп жатыр Қазақстан азаматтары өз учаскелерін мына ақпараттық ресурстардағы «ЖСН бойынша дауыс беруге арналған учаскені іздеу» сервисінен таба алады: – https://www.gov.kz/referendum

https://www.referendum.gov.kz

https://www.referendum2022.gov.kz

Учаске болмаған жағдайда әкімдіктердің Call-орталықтарының тізімдері автоматты түрде көрсетіледі. Осы сияқты қызмет Kaspi.kz және Нomebank қосымшаларында жасалып жатыр. ІІІ. Референдум учаскесіндегі әрекетіңіз: А) Жеке басыңызды куәландыратын құжатты көрсетіп, референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізіміне қол қоясыз да, дауыс беруге арналған бюллетень аласыз. Ә) Бюллетеньді жасырын дауыс беруге арналған кабинада толтырасыз. Б) Өзіңіз дауыс беретін жауап нұсқасының оң жағындағы бос шаршыға кез келген белгі қоясыз. Ескерту: Бюллетеньге қарындашпен белгі қоюға, сондай-ақ оған қандай да бір түзетулер енгізуге жол берілмейді. Яғни, бөгде таңба түссе, бюллетень жарамсыз болып есептеледі. В) Толтырып болған соң бюллетеньді дауыс беруге арналған жәшікке саласыз. ІV. Дауыс беріп шыққаннан кейін журналистер мен бақылаушылар сұрақ қойса, қалай жауап бере аласыз? «Республикалық референдум туралы» Конституциялық Заңның 7-бабының 3-тармағы бойынша референдум өтіп жатқан күні және оның алдындағы күні БАҚ референдумға қойылған мәселені жақтап немесе оған қарсы дауыс беруге шақырмауға тиіс. Яғни, қоғамдық пікірге сұрау салу нәтижелерін, референдум нәтижелерінің болжамдарын, референдумға байланысты өзге де зерттеулерді аталған екі күнде жариялауға тыйым салынады. Демек, бұл мәселеде дауыс берушілерге қатысты нақты талап немесе шектеу жоқ. Жауапкершілік сіздің пікір, пайымыңызды жариялаған БАҚ-тың мойнында болады. V. Іссапарда, отбасы жағдайы бойынша басқа өңірде, қалада жүрсеңіз эксаумақтық принциппен (дәл сол сәтте өзіңіз жүрген мекенжай бойынша) референдумға қатыса аласыз ба? Оның шарттары қандай? Референдумға қатысушы өзінің болатын жерін ауыстырған жағдайда 2022 жылғы 20 мамырдан бастап 4 маусым сағат 18-ге дейін жазбаша өтініші бойынша жеке басын куәландыратын құжатын көрсетіп, тіркеу орны бойынша учаскелік комиссиядан есептен шығару куәлігін алуға мүмкіндігі бар. Есептен шығару куәлігін референдумға қатысушының атынан сенімхат арқылы алуға болады. Мұндай жағдайда өтінішке сенімхаттың көшірмесі қоса беріледі. Ескерту: Есептен шығару куәлігі бір елді мекен шегіндегі референдумның басқа учаскесінде дауыс беруге тілек білдірген референдумға қатысушыға берілмейді. VІ. Ардагерлер мен мүгедектігі бар азаматтар, зейнеткерлер қалай дауыс бере алады? Референдумның жекелеген қатысушылары әр түрлі себептермен дауыс беруге келе алмайтын болса, 5 маусым күнгі сағат 12.00-ге дейін жазбаша өтініш беруі керек. Учаскелік референдум комиссиясы сол өтініш негізінде олардың болатын жерінде дауыс беруді ұйымдастыруға тиіс. VІІ. Шетелде жүрген қазақстандықтар қайда жүгінуі керек? Шетелде жүрген азаматтар Қазақстан Республикасы елшіліктерінің жанындағы референдумның 65 учаскесінде дауыс бере алады. Аталған учаскелердің тізімі ҚР Сыртқы істер министрлігінің сайтында бар. VІІІ. Референдумда сіздің дауыс беру құқығыңыздың бұзылмауын неше халықаралық бақылаушы бақылайды? ҚР Орталық референдум комиссиясы 272 халықаралық байқаушыны аккредиттеді. Оның ішінде 11 халықаралық ұйымнан 209 байқаушы, 25 шет мемлекеттен 63 байқаушы аккредиттелген. Айта кетейік, кеше референдум күнінде коронавирустың таралуының алдын алу алгоритмі бекітілді. Бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетованың жаңа қаулысы бойынша референдумды өткізу кезінде: 1) адамдардың көп жиналуына жол бермей, әлеуметтік қашықтықты сақтауды қамтамасыз ете отырып, референдумға қатысушылардың легін реттеуді; 2) үй-жайларда желдеткіш/ауа баптау жүйелерінің үзіліссіз жұмыс істеуін; 3) ауаны жасанды желдету жүйесі болмаған жағдайда үй-жайларды жүйелі желдетуді; 4) дауыс беру алдында және күні бойы қажеттілігіне қарай үй-жайларды желдетуді; 5) дауыс беру алдында және күні бойы қажеттілігіне қарай үй-жайларды жуу құралдарын қолдана отырып тазалау, ылғалды жинау, дезинфекция жүргізуді қамтамасыз ету қажет. Аталған қаулының орындалуын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері, бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері, аумақтық референдум комиссиялары қамтамасыз етуі тиіс. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, референдум кезінде онлайн дауыс беру тетігі қарастырылмаған. «Референдум 2-3 жыл бұрын жоспарланған жоқ. Референдумды цифрлық түрде өткізу үшін технология жалпы дайын. Нақтырақ айтсам, жарты немесе 1 жыл уақыт берсе, дайындауға болады. Бірақ заңдылығын, ақпараттық қауіпсіздігін де ескеруіміз керек. Дауыс беру қалай өтті? «Базада өзі отыр ма, басқа біреу дауыс берді ме?» деген сұрақтар туындайды. Келешекте қолға алу үшін Орталық сайлау комиссиясына біз ұсыныс жасаймыз, бірге талқылаймыз», – деген еді ол ақтөбеліктермен өткен кездесуде.

https://www.inform.kz/kz/referendumga-baratyn-adam-neni-bilu-kerek_a3939300

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img