spot_img
Жексенбі, Сәуір 20, 2025
4.1 C
Kokshetau

Қазақстандық дипломаттар мен өзбек сарапшылары референдум мәселесін талқылады

Сондай-ақ...оқыңыз

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Қазақстан Елшілігі өткізген республикалық референдумға арналған дөңгелек үстелге қатысушылар елдегі саяси реформаларды талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Өз сөзінде Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Дархан Сатыбалды алдағы референдумның маңызын атап өтті.

«Конституциялық реформалар «суперпрезиденттік» басқару формасынан ықпалды Парламенті мен есеп беретін Үкіметі бар президенттік республикаға түпкілікті көшуді бекітуге, бүкіл мемлекеттік модельді трансформациялауға, билік тармақтары арасындағы өзара қарым-қатынастың оңтайлы теңгерімін қалыптастыруға, мемлекет пен қоғамның тиімді диалогын құруға арналған», – деді дипломат.

Профессор Закир Усманов Жаңа Қазақстанның құрылуына бағытталған алдағы трансформацияларға оң баға беріп, қоғамды демократияландыру жолындағы басты міндет –демократиялық реформаларды одан әрі ілгерілету, елдің саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы үшін Конституцияны жетілдіру екенін атап өтті.

«Білім керуені» мемлекеттік емес ғылыми мекемесінің басшысы Фарход Толипов Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына арналған баяндамасында барлық деңгейлерде қарқынды дамып келе жатқан екіжақты қатынастардың дамуының маңызды аспектілерін атап өтті.

Өзбекстандық сарапшылар қазақстандық қоғамды одан әрі ілгерілетудің басты факторы ретінде топтастыру мақсатын қолдайтынын білдірді. Сондай-ақ, қатысушылар екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен келешгін талқылап, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара іс-қимылды кеңейтудің жаңа бағыттарын белгіледі.

https://lenta.inform.kz/kz/kazakstandyk-diplomattar-men-ozbek-sarapshylary-referendum-maselesin-talkylady_a3934129

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ШӘМШІ» ЭЛЕГИЯСЫ КӨКШЕТАУДА!

2025  жылы 1 мамыр күні Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика