Қазіргі таңда мәдени процестер көпқырлы және әр алуан болып келетіні мәлім. Оның астарында қазіргі таңда дамып жатқан өнердің түрлері мен жанрын қоса алғанда, инновациялардың, білім берудің, ғылымның және мәдениеттің әртүрлі салалары мен оның шеңберін қамтитын түбегейлі қайта құрылудың кең ауқымды спектрін түсінуге болады. Тарихи жағдайларды алып қрағанда Қазақстан саяси және этникалық қоғамы бар мемлекет болып қалыптасқаны баршамызға айқын.
Демократизация процесіндегі эволюция қоғамдық құрылымның әр алуандылығын және шынайы континентін тікелей анықтады. Сол кезде плюрализм және мультимәдениет идеялының бірқатар көрсеткіштері өзін ақтамады және кері процестер туғызды. Бұл жағдайда қазақ елінің қайта дамуы үшін ұлтты, қоғамдық тұрақтылықты, ұлттың бірлігін және қоғамдық келісімді сақтаудың кілті болып – қазақ халқының бай тарихи және мәдени мұрасын нысанаға алу болып табылағаны айқын.
Барша адамзаттың ізгілік құндылықтары аясында қазақстандық қоғамның тарихи-мәдени мұрасына салыстырма талдау жасау тек қана әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымды байытуға ғана емес, сондай-ақ қазіргі әлемде бірегей тарихы, құқық базасы мен мәдениеті бар ел ретінде көрсетуге мүмкіндік туғызып отырғаны айдан анық.
Эвристикалық және эмпирикалық іс-әрекет ғылымның методологиялық және методикалық тұрғыдағы ақпараттарымен толыға түсіп, қазақ халқының мәдени мұрасы бұрынғы идеологиялық бұрмалаушылықтан арылып, жалпы адамзаттық құндылық сапасында көрініс табуға тиіс екені мәлім.
Сонымен қоса, бір мезгілде бүкіл әлемдік өркениеттің рухани-мәдени, тарихи, құқықтық дамуының көп қырлы тәжірибелерін де сіңіре білуімізде. Бұл еліміздің мәдени құндылықтарын сақтауға, пайдалануға, зерттеуге, үгіт-насихат, даму жалғастығы мен тарихи-мәдени, құқықтық және салт-дәстүрлерді қайта қалпына келтіру, оның ішінде қазіргі таңдағы ұлттық мәдениет, фольклор, салт-дәстүр және әдет-ғұрып, төл ұлтымыздың жазуы мен тарихымыздың ғасырлар бойғы тәжірибесін қарастыру, әр қырынан тарихи және ғылыми жобалар жасау, сонымен материалдық-техникалық құрамдас мәселелерін нығайту мен дамытуды зерттеуге байланысты негізгі аспектілерін анықтау екені заман талабына сай келіп отырғаны өзімізге мәлім.
Әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және саяси реформа саласындағы Қазақстанның жетістіктері мәдени процестерге айтарлықтай ықпал етуі мүмкін. Егемендігіміздің алғашқы жылдарында мәдениеттің тарихи миссиясы қазақ халқының мемлекеттілігін қайта дамытуының негізін жетілдіруге бағытталса, қазір оның міндеттері қазақ елінің орнын әлемдік мәдениет процестерінің жүйесінде көрсету мен айқындау болып табылады.
Заң ғылымдарының магистрлері А.Сокова, Е. Мырзаханов, Д. Жаксыбаева