spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.4 C
Kokshetau

Қазақстанда 2025 жылға дейін 5 университеттік аурухана салынады

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚазАқпарат – 2025 жылға дейін 5 университеттік және 3 көпбейінді аурухана салынады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев берген тапсырмасында денсаулық сақтау жүйесінің ресурстарын, атап айтқанда, 20 аурухананың құнын мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін пайдалана отырып, қайта қарау қажеттігін ерекше атап өтті. Көпбейінді ауруханалар салу бойынша республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін оңтайландыру мақсатында

Денсаулық сақтау министрлігі қолданыстағы «Дені сау ұлт» ұлттық жобасын іске асыру аясында бірінші кезеңде 2025 жылға дейін 5 университеттік аурухана және 3 көпбейінді аурухана салуды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бұл ретте, қалған 12 жоба 2026 жылдан бастап кезең-кезеңімен енгізілетін болады», – деді Ажар Ғиният.

Оның атап өтуінше, бүгінгі таңда Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерімен медициналық бұйымдарсыз аурухана құрылысының 1 шаршы метрінің шекті құнын және 1 төсек-орынға арналған шекті алаң нормативін айқындау жұмысын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ оңтайлы қаржы моделін пысықтау және жоғары аталған 8 жоба бойынша шығыстарды оңтайландыруды қолға алды.

«Жоғарыда аталған тапсырмалар ауруханаларды салу жөніндегі бағдарламаны іске асырудың бірыңғай тәсілі мен оңтайлы нұсқасы жөнінде ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді. Университеттік ауруханаларды іске асырудың басымдығы барлық қалған жобаларды кадрлармен қамтамасыз ету және білім, ғылым мен практиканың үштұғырлығы қағидатын іс жүзінде қолдану қажеттігінен туындайды», – деді ол.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img