spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Қаржы алаяқтарынан қарт адамдарды қалайша қорғауға болады

Сондай-ақ...оқыңыз

Цифрлық технологиялардың дамуымен қатар алаяқтар да қалыспай, алдаудың жаңа тәсілдерін ойлап табуда, оған, әсіресе, аға буын өкілдері  бой алдырып жатады. Қарт адамдарды алаяқтардың арбауынан қалайша қорғауға болатыны жөнінде Fingramota.kz айтып береді.

Алаяқтар телефон нөмірлерін ауыстыру сервистерін белсенді пайдаланады, сондықтан олар үшін кез келген банктің колл- орталығының 4 таңбалы нөмірін басқа нөмірге ауыстыру түкке тұрмайды. Қарт адамдардың тап болулары мүмкін түрлі оқиғаларды қарастырайық.

«Қауіпсіз» шот

Алаяқтар зейнеткерлерге телефон соғып, өздерін банк қызметкерлеріміз деп таныстырып, олардың карточкаларынан бейтаныс біреулердің ақшаны шешіп алуға әрекет жасағандары жөнінде айтады. Ол үшін клиент өз қаражатын дереу қауіпсіз шотқа ауыстыруы қажет деп, ізінше қарияның интернет немесе мобильді банкингті қолдана алу, алмауын нақтылайды. Содан кейін өзінің зейнетақылық ақшасын қашықтан қалайша аудару болатыны жөнінде нұсқау береді, телефонына қосымшаны жүктеуді ұсынады немесе ақшаны дереу банкомат арқылы аударуға кеңес береді.

Кеңес

Телефон алаяқтары қарт адамдардың сеніміне кіру үшін барлық айла-шарғыларды қолданады. Мұндай жағдайда ең бірінші – мұндай әңгімені тоқтатып,  сізге қызмет көрсететін банкке телефон соғу қажет. Банктің байланыс нөмірі карточканың артқы бетінде жазылып тұрады.

Ешқашан қоңырау шалушылардың қандай да бір нұсқауларын орындамаңыз: ақша аудармаңыз, күмәнді қосымшалар орнатпаңыз және қаржы ұйымдарының жалған қызметкерлерінің талаптары бойынша SMS-хабарламалардан сілтемелер бойынша өтпеңіз.

Өзіңіздің дербес деректеріңізді, карточканың деректемелерін ешкімге хабарламаңыз: CVC/CVV-код (картаның сыртқы жағында көрсетілген үш таңбалы код), растау кодтары, ПИН-кодтар. Есіңізде болсын, банк қызметкерлері, банктердің колл-орталықтарының операторлары бұл ақпаратты ешқашан телефон арқылы сұрамайды.

Жалған кредит ресімдеу

Сізге банктің атынан хабарласып тұрмыз деп қоңырау шалып,  N сомаға кредит ресімдеуге өтінім берген- бермегеніңізді нақтылайды. Егер сіз шын мәнінде өтінім бермеген болсаңыз, онда алаяқтардың сіздің атыңыздан кредит алмақ ойлары бар. Алаяқтар алдыңғы схемамен жұмыс істейді: сізге шұғыл шаралар қабылдау және олардың нұсқауларын орындау қажеттігін айтады. Бұл үшін олар сізге ұялы телефоныңызға орнататын және деректеріңіз қорғалатын қосымшаға сілтеме жібереді. Бағдарламаны жүктегеннен кейін сіздің телефоныңызға SMS-хабарлама немесе электрондық пошта арқылы хабарлама келеді, содан кейін банктің жалған қызметкері кодты атауды сұрайды және өкінішке орай, кредитті беріп үлгергенін, бірақ алаяқтар ақшаға қол жеткізе алмағанын хабарлайды. Содан кейін  алаяқ өзі айтқан басқа шотқа осы ақшаны аудару арқылы ақшаның өзіңізде қалатындығына сендіреді.

Кеңес

Кредит «ресімделді» деген банктің филиалына қоңырау шалыңыз немесе барыңыз және жағдайды шешу үшін мүмкіндігінше жедел түрде ресми өтініш жазыңыз. Өтініштің кіріс нөмірі бар көшірмесін міндетті түрде алыңыз.

Сізге қоңырау шалынған нөмірді банктің қауіпсіздік қызметіне хабарлауды, сондай-ақ құқық қорғау органдарына өтініш жазуды қоса ұсынамыз.

«Фейк» аударма

Сізге банк картаңызға белгілі бір ақша сомасының аударылғаны туралы SMS келді. Ізінше олар сізге белгісіз нөмірден қоңырау шалып, ақшаның қате аударылғанын айтып, сізден кері аударуды сұрайды. Алаяқтар сіздің көңіліңізді «жібітіп», өздері туралы көптеген мәліметтерді,  яғни бұл олардың соңғы ақшасы екендігін, олар жұмысынан айрылғандықтары, қаражат емделуге қажет екендігі сияқты бір сарынды ақпарат. Бұл сізді алдарқатуға тырысатын белгі. Кейде қоңырау шалушылар сізге  «мазалағандары үшін» бонус деп қаражаттың аз бөлігін өзіңізге қалдыруды ұсынады.

Кеңес

Мүмкін алаяқтар сауда алаңында тауарды сатқаны үшін ақы алу үшін сіздің шотыңызды көрсетуі мүмкін. Егер сіз оларға сеніп, аударым жасасаңыз, онда сіз ақшасыз ғана емес, сонымен қатар өзіңізге қосымша қиындықтар туғызасыз. Өйткені, әлеуетті сатып алушы тауарды алмай, құқық қорғау органдарына жүгінуі мүмкін. Сіз ақша алушы ретінде алғашқы күдікті боласыз.

Сондықтан, егер белгісіз біреулер Сіздің шотыңызға белгілі бір соманы аударса, онда ешқандай жағдайда оны қайта аудармаңыз және шешіп алмаңыз. Өз банкіңізге хабарласыңыз, онда Сізге осы қате аударыммен не істеуге болатынын түсіндіреді.

Құқық қорғау органдарынан түсетін «қоңыраулар» 

Алаяқтар өздерін құқық қорғау қызметкерлері ретінде таныстырып, Сіздің танысыңыз, досыңыз немесе туысыңыздың келеңсіз жағдайға тап болғанын хабарлауы мүмкін. Мысалы, адамды қағып кеткені, ауруханада жатқаны немесе терактіге қатысқаны. Кез келген жағдайда қылмыс қорқынышты, ал салдары қайтымсыз көрінуі керек. Мәселені қандай да бір сома шеше алады. Бір жағынан, айтқандары айтарлықтай әсер қалдырды, екінші жағынан – сұрап отырған сома тез төлей алмайтындай көп те емес. Негізінен, мұндай алдаудың құрбандары – жақын адамыңызға көмектесу үшін соңғы ақшасын беруге дайын қарт адамдар. Қосымша стресс факторы, әдетте, абоненттің қоңырауларға қол жетімсіздігі болып табылады – алаяқтар мұны да біліп алады.

Кеңес

Ең дұрысы, мұндай сәтте сұрақ қоя бастау. Күдікті қай полиция бөлімшесінде? Ол қандай баппен айыпталып отыр? Әрекет қашан орын алған? Адвокаттың көмегі ұсынылды ма, адвокаттың аты-жөні кім? Сонымен қатар, ҚР ІІМ жедел желісіне және аудандық полиция бөлімшесіне қоңырау шалу керек. Ешбір  жағдайда үрейге бой алдырмаңыз, бейтаныс адамдарға ақша беріп, шотына ақша аудармаңыз.

Қарт адамдарды алаяқтардан қалай қорғауға болады?

  • Қарт адамдарға бейтаныс адамдарға сөзсіз сенудің қажеті жоқ екенін түсіндіріңіз, тіпті олар өздерін банк, құқық қорғау органдарының қызметкерлері болып таныстырса да;
  • Егер қоңырау шалушылар сізге аты – жөніңіз бойынша жүгінсе және сіздің мекенжайыңызды білсе, бұл адамдар ресми адамдар дегенді білдірмейді. Бұл деректерді көптеген жолдармен алуға болады, олар тіпті интернетте жалпыға қол жетімді;
  • Қызметкердің аты-жөні мен лауазымын  міндетті түрде сұраңыз және олар өкілі болып қоңырау шалып отырған ұйымның  жедел желісіне немесе колл-орталығына қоңырау шалу арқылы қайта тексеріңіз;
  • Егер жақын адам бейтаныс нөмірден қоңырау шалып, қиыншылыққа тап болғанын айтса, оған ақша аударуды сұраса, сөйлесуді аяқтап, оған қайта қоңырау шалыңыз;
  •  Өзіңіздің жеке деректеріңізді, банктік картаңыздың деректемелерін, картаның жарамдылық мерзімін, CVC/CVV-кодты, құпия сөзін және ақша қалдығын ешқашан және ешкімге айтпаңыз;
  • Банк қызметкерлері, банктердің колл-орталықтарының операторлары ешқашан телефон арқылы жеке деректерді сұрамайды. Бұл конфиденциалды мәліметтер тек алаяқтарға қажет.

Өзіңізді, жақындарыңызды сақтаңыз және қаржылық сауаттылықты Fingramota.kz-пен арттырыңыз!

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img