spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Сиптомсыз науқастар үшін карантин мерзімі қысқартылды – Ажар Ғиният

Сондай-ақ...оқыңыз

Жақын байланыста болған және сиптомсыз науқастар үшін карантин мерзімі қысқартылды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Омикрон» нұсқасынан туындаған коронавирус инфекциясының таралу жылдамдығы мен ағымының ерекшеліктерін ескере отырып, карантин және Ашықтағы мәртебенің өзгеру мерзімдері қайта қаралды. Сонымен, жақын байланыста болған және сиптомсыз науқастар үшін карантин мерзімі 14-тен 10 күнге дейін қысқартылды. Бұл ретте 7 тәуліктен кейін ПТР-зерттеудің теріс нәтижесі болған кезде карантин аяқталады», – деді министр.

Сонымен қатар оның айтуынша, егер қандай да бір себептермен 7 тәулікке арналған ПТР-тест тапсырылмаса, онда карантин тестті қосымша тапсырусыз 10-шы күні аяқталады.

«Бұл өлшем шарттар Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің шектеу шаралары жөніндегі және жұмыс ережелері мен Ашықтағы мәртебенің өзгеруін айқындайтын қаулыларында көрініс тапты»,- деді Ажар Ғиният.

https://www.inform.kz/kz/siptomsyz-naukastar-ushin-karantin-merzimi-kyskartyldy-azhar-giniyat_a3890295

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img