spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
4.3 C
Kokshetau

Әлихан Смайылов бизнеске карантиндік шектеулерді жеңілдететін іс-шаралар әзірлеуді тапсырды

Сондай-ақ...оқыңыз

Елдегі эпидемиологиялық ахуалды әрі қарай бақылауда ұстау қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өңірлерде коронавирус инфекциясы әлі де өршіп тұр. Түркістан облысынан басқа өңірдің бәрі «қызыл» аймақта. Вирустың ең көп таралуы Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарында және астанамызда тіркеліп отыр. Эпидемиологиялық ахуалды әрі қарай бақылауда ұстау қажет», – деді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия «Атамекен» палатасымен бірге Мемлекет басшысының бизнеске арналған карантиндік шектеулерді қайта қарау жөніндегі тапсырмасын ескере отырып, тисті іс-шараларды әзірлеуі керектігін атап өтті.

«Бизнестің жұмысына бөгет жасамай, туындаған проблемаларды бірлесіп шешуіміз керек. Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктер вакциналау және ревакциналау жұмыстарын күшейтуі тиіс», – деген Премьер-Министр жалпы бақылауды орынбасары Ералы Тоғжановқа жүктеді.

https://www.inform.kz/kz/alihan-smayylov-bizneske-karantindik-shekteulerdi-zhenildetetin-is-sharalar-azirleudi-tapsyrdy_a3890298

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Заңды біліп жүрген абзал

Ақмола облысының Жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, жастар арасындағы құқық бұзушылықты азайту, ақпараттық жұмыс жүргізу мақсатында, «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің студенттерімен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика