spot_img
Сейсенбі, Шілде 8, 2025
14.7 C
Kokshetau

Футзалдан Еуропа чемпионаты: Испания мен Грузия жеңіске жетті

Сондай-ақ...оқыңыз

Футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионаты финалдық сатысы топтық кезеңіндегі төртінші ойын күнінің нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек, 21 қаңтарда D тобындағы құрамалар сынға түсті. Бұл күні Испания Босния және Герцоговинаны 5:1, Грузия Әзербайжанды 3:2 есебімен тізе бүктірді.

Енді аталған топта 26 қаңтарда Босния және Герцоговина мен Грузия, Испания мен Әзербайжан құрамалары шеберлік байқасады.

Сондай-ақ, бүгін А тобында алғашқы тур ойындары өткізіледі. Аталған топта Сербия мен Украина, Португалия мен Нидерланды құрамалары сынға түседі.

Еске салсақ, В тобында ойнайтын Қазақстан бірінші турда Словениямен 4:4, Италия мен Финляндия 3:3 есебімен тең түсті.

Екінші турда 24 қаңтарда Италия мен Словения, Қазақстан мен Финляндия алаңға шығады.

Айта кетсек, турнир Нидерландының Амстердам және Гронинген қалаларында 19 қаңтар және 6 ақпан күндері өткізіледі.

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қопа көлі жағасы тағы бір домбыраның сазына шалқыды

Ұлттық Домбыра күніне орай Ақмола облысында бұрын-соңды болмаған көлемде ұйымдастырылған домбырашылар флешмобы – көпшіліктің жүрегіне ұмытылмас әсер сыйлады. Құрманғазының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика