spot_img
Сенбі, Мамыр 24, 2025
6.5 C
Kokshetau

Ақмола облысында омикрон штамын анықтау үшін 30-ға жуық сынама зерттелуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында «омикрон» штамын анықтау үшін 30-ға жуық сынама зертханаға жіберілді. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Сыздықов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақмола облысының аумағында «омикрон штамын анықтайтын зертхана жоқ. Сондықтан бұл биоматериалдар орталықтан тиісті мекемеге жіберіледі, онда егжей-тегжейлі зерттеу жүргізіледі», – деп түсіндірді Н.Сыздықов.

Басқарма басшысы атап өткендей, бүгінгі күні облыста «омикрон» штаммы белгілері байқалған 30-ға жуық сынама алынды. Олар зертханаға жіберіліп, нәтижелері күтілуде.

«Біз өңірдегі кейбір коронавирустың клиникалық жағдайлары «омикрон» штаммына ұқсастығын байқап отырмыз. ПТР-диагностикада «омикрон» штамын анықтау қарастырылмаған, сондықтан қосымша зерттеулер қажет», – деп толықтырды Н.Сыздықов.

Оның сөзінше, Ақмола облысынан алынған «омикрон» штамы бар сынамаларды зерттеу қорытындысы осы аптаның соңында жарияланатын болады.

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Еңбегімен ел мерейіне бөленген ұстаз

Нұрия Жаңабаева Көкшетау қаласы №6 мектеп-лицейінде 1992 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Ол отыз алты жыл бойы ұстаздықтың қыр-сырын...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика