spot_img
Сәрсенбі, Желтоқсан 11, 2024
-8.9 C
Kokshetau

Орал тұрғыны баспана мәселесіне назар аударту үшін өзіне қол жұмсамақ болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Әйел биліктен Оралдағы ескі және апатты үйлерден көшірілген 150 отбасының баспанасын жекешелендіру мәселесін шешуді талап еткен. Орал тұрғыны Надежда Солодовникова билік назарын тұрғын үй жағдайына аударамын деп реанимацияға түсті. Ол өзі және жүз елуге жуық отбасының ескі тұрғын үйге қатысты мәселесін көтерген, деп хабарлайды sputnik.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Әйел апатты тұрғын үйдің орнына бөлінген пәтерлерді жекешелендіруге тырысты. Осыдан 10 жыл бұрын Орал қаласының билігі 150 отбасыға жалдамалы пәтерді жекешелендіруге уәде берген. Алайда қазірге дейін бұл жұмыс атқарылмады, адамдар баспананың толыққанды иесі бола алмай жүр. 

Надежда Солодовникова осы бағытта жұмыс істеген, айтуынша, ол биліктің қысымына тап болды.

«Біздің шенеуніктер кінәлі, себебі олардың қысымына төтеп беру мүмкін емес. Адамдарға меншік құқығын беруі үшін мен өзімді құрбан етемін», – дейді Надежда Солодовникова өзіне қол жұмсауға тырыспас бұрын жазған видео хабарламасында.

Көршілерінің сөзінше, әйелге қысым жасалып, белсенді азаматтың жүйкесін тоздырған.

«Оған қысым жасала бастады. Оның пәтерінің алдында кезекшілікте отырғандар болды. Ол адал әйел болғандықтан, мүлікті қайтару үшін күресті. Оған бұл іске басыңды сұқпа деп ескертті», – деді көршісі Станислав Клыков.

Полиция бұл өз-өзіне қол жұмсау әрекеті екенін растады. ҚК 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ал шенеуніктер апатты үйлердегі барлық пәтер иесін тек жалға берілетін тұрғын үйге орналастыра алатындарын айтты. Биыл 64 отбасы өздерінің апаттық жағдайдағы жылжымайтын мүлкінің орнына жекешелендіру құқығынсыз үйге орналасады.

Сонымен қатар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі министрлік пен депутаттарға тұрғын үй қатынастары туралы заңға түзетулер енгізу туралы ұсыныс айтылғанын жеткізді.

«Тұрғын үй қатынастары туралы заңды өзгерту, дәл осы 13-бап бойынша туралы ұсыныс жазылды, бұл бап бойынша ҚР азаматтарына апатты деп танылған тұрғын үйлер жекешелендіру құқығынсыз беріледі. Заңда осылай жазылған, ал біз оған жекешелендіру құқығын қосуды сұраймыз», – дейді Орал қаласы ТКШ бөлімінің тұрғын үй және жекешелендіру секторының меңгерушісі Ерлан Шайхиев.

Алайда осыдан 10 жыл бұрын Надежда Солодовникова мен оның көршілеріне апаттық жағдайдағы үйдің орнына өз баспаналарын беру туралы не үшін айтылғаны белгісіз.

Айта кетері, Оралда апатты жағдайдағы үйлердің 215 тұрғыны тұрғын үй кезегінде тұр. Олардың көпшілігі мұндай алмасу тиімді емес деп санап, жалдамалы пәтерге көшуден бас тартқан.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Елге қызмет – абыройлы міндет» жобасы аясында қорытынды кездесу өтті

​Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ ұйымдастыруымен әскери қызмет өткерген жастар мен әскери міндеттілерді жұмысқа орналастыруға бағытталған...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img