spot_img
Жұма, Қыркүйек 20, 2024
8.3 C
Kokshetau

Қайыңды көлінің шыршаларына әлдекімдер есімін жазып кеткен

Сондай-ақ...оқыңыз

Желіде Алматы облысындағы «Көлсай көлдері» ұлттық саябағы жолында тұрған Қайыңды көлінің шыршаларына әлдекімдер есімдерін ойып жазғаны туралы бейнежазба тараған,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. 

Эко-белсендінің айтуынша, Қайыңды көлі өзінің әсемдігімен және тұмса табиғатымен танымал. Көлдегі дәл осы бірнеше ғасырлық шыршалар бүкіл әлемнен туристерді өзіне тартады. «Таңғалып тұрмын. Табиғи байлыққа осылай қараса, бұдан әрі не болады?» – дейді олар.

«Көлсай көлдері» ұлттық паркінің әкімшілігі өз кезегінде орын алған оқиғаны тексеруге уәде берген.

«Қайыңды көлінде болған оқиға бойынша, біздің саябақтың табиғи ескерткіші – реликті шыршаларға жасалған шабуыл сіздер секілді біздің саябақтың да қатты ашуын туғызды. Көптеген жылдар бойы олар өздерінің сұлулықтарын сақтап тұрды, ал енді кейбір бұзақыларға осындай ой келген», – деп жазды ұлттық парк әкімшілігі.

Айта кетейік, заң және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға бару ережелеріне сәйкес, жеке тұлғаларға ғимараттарға, ағаштарға, тастар мен жартастарға кез келген жазулар мен сызбаларды қолдануға тыйым салынады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаудың 59 отбасы тұрғын үй сертификаттарын алды

  Көкшетау қаласында 59 отбасы азаматтарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификаттарын алды. Бұл маңызды бастама қаланың мұқтаж тұрғындарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img