spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Қостанайда украин мұғалімі қазақ тілінен сабақ береді

Сондай-ақ...оқыңыз
Қостанайдағы гимназиялардың бірінде ұлты украин Дмитрий Ромащенко қазақ тілінен сабақ береді. Ол түпнұсқадан Мұқағали Мақатаев пен Ахмет Байтұрсынов шығармаларын оқиды, әсіресе, Абай шығармаларына қатты құмар. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының сюжетінде айтылған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дмитрий Қостанай облысының Ресеймен шекаралас ауданында дүниеге келген. Орыс мектебінде оқыса да, қазақ тілін бала кезінен жақсы көреді.

«Маған қазақ тілі мектептегі ең қызық пән болды. Мен мұғалім болатынымды білетінмін. Бірақ қазақ тілі мұғалімі болатыныма ешқашан күмән болған емес. Бұл өте қиын жол болды әрі бұл – менің сүйікті ісім. Мен онымен айналыса беремін», – дейді Горький атындағы мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Ол Қостанайда үш жылдан бері жұмыс істейді. Оның сабақтарында оқушылар өздерін жайлы сезінеді.

«Ол – өте ақылды, жақсы, әділ адам. Сабақ кезінде әзілдер айтады. Өз пәніне байсалдылықпен әрі асқан жауапкершілікпен қарайды. Үй тапсырмасын орындамағандарды ұнатпайды», – деді сегізінші сынып оқушысы Әлібек Жақсылықов.

Дмитрий – гимназиядағы жалғыз ер адам.

«Гимназияның басқа мұғалімдері сияқты, ол да 25 сағат алады. Бұл – қазір оған бере алатын ең көп сағат. Өз жұмысын жақсы істеп жатыр, орта сыныптарға сабақ береді», – деді мектеп-гимназия директорының орынбасары Орынкүл Баяхметова.

Ол қазақ тілін білу таңғаларлық нәрсе деп санамайды. Оның айтуынша, бұл – әрбір қазақстандықтың борышы.

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img