Алматы қаласының 47 жастағы тұрғыны оқиға орнында жан тапсырды. Ал бала екі сағаттан кейін ауруханада көз жұмды. Алматы облысында жол апаты салдарынан 47 жастағы әйел мен тоғыз айлық нәресте көз жұмды, деп хабарлады Polisia.kz.
Трагедия 16 желтоқсанда сағат 14:00 шамасында болған. Chevrolet Cruze автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі Алматы қаласынан жолаушыларды алып, Алматы-Бішкек автожолымен батыс бағытта жүріп келе жатқан, Жамбыл ауданы Жаңақұрылыс ауылының маңында 59 жастағы Сарыбастау тұрғыны жүргізіп келе жатқан ВАЗ-21063 автокөлігімен соқтығысқан.
Оқи отырыңыз: Бүтін бір отбасы көз жұмды: көлік жүргізушісіне сот үкімі шықты
Апат салдарынан Chevrolet Cruze автокөлігінің жүргізушісі мен 21 және 30 жастағы жолаушылары, 9 айлық бала ауруханаға жеткізілді.
Алматы қаласының 47 жастағы тұрғыны оқиға орнында жан тапсырды. Ал бала екі сағаттан кейін ауруханада көз жұмды.
ВАЗ жүргізушісі мен оның 59 жастағы жолаушысы да әр түрлі жарақатпен ауруханаға түсті.
Chevrolet жүргізушісі қамауға алынды.