spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Шымкентте полиция бөлімінде күтпеген оқиға болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қала тұрғыны алаяқтық пен зорлау әрекеті үшін ұсталған болатын. Ал жәбірленушімен бетпе-бет кездескеннен кейін жазадан құтылмайтынын түсінді. Шымкент қаласында Қылмыстық кодекстің екі бірдей бабы бойынша тергеуге алынған күдікті жоғары қабаттан секіріп, полиция ғимаратынан қашып кеткісі келген, деп хабарлайды sputnik.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, бұған дейін соттың үкімімен 34 жастағы ер адамға іздеу салынған болатын. Ол алаяқтық пен зорлау баптары бойынша айыпталды. Күдікті 19 желтоқсанда қолға түсті. Полицейлер оны аудандық полиция бөліміне жеткізген. Ал тергеуге алынған ер адам қашып кетуге тырысты.

«Күдікті жәбір көрген әйелмен кездескеннен кейін жазадан құтылмайтынын түсінді. Ол баспалдақ дәлізіне шыққанда таяныштан аттап, төмен секіріп, қойманың төбесіне құлаған», – дейді полицейлер.

Дәрігерлер қашқынды тексеріп шықты. Дене жарақаты анықталған жоқ.

«Экспресс-К» басылымы таратқан мәліметке сәйкес, тергеуге алынған ер адам баспалдақ дәлізінің төртінші қабатынан секірген. Полиция осы ақпаратты растамаса да, жоққа шығарған жоқ.

Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен күдікті уақытша қамау изоляторына тоғытылды.

Қылмыстық кодекстің 190 бабы («Алаяқтық») мен 120 бабы («Зорлау») бойынша тергеу басталды. Алаяқтық үшін мүлкі тәркіленіп, 1 000 АЕК (2 917 000 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартылуы мүмкін. 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылған.

Ал зорлау әрекеті үшін 5 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы беріледі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img