spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Зейнетақы жинағын алу: Депозитті не істеуге болады және неге тыйым салынады?

Сондай-ақ...оқыңыз
Қазақстандықтар енді біржолғы зейнетақы төлемдерін Отбасы банктегі депозитке аудара алады. Зейнетақы жарналары салынған депозитпен не істеуге болады және не істеуге болмайтыны жарияланды. Ақпаратты банк төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов айтып берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Отбасы банк мәліметінше, алдағы уақытта «Отбасы банктегі салымды толықтыру» батырмасы пайда болады.

«Достар, жақын арада сіз өзіңіздің біржолғы зейнетақы төлемдеріңізді enpf-otbasy.kz онлайн-платформасы арқылы Отбасы банктегі депозитіңізге аудара алатын боласыздар!

«Отбасы банктегі салымды толықтыру» батырмасы қашан және қалай пайда болатыны туралы ақпаратты сәл кейін жариялаймыз», – делінген хабарлаамада.

Сондай-ақ, біржолғы зейнетақы төлемдері (БТЗ) есебінен толықтырылған депозитпен не істеуге болатыны және не істеуге болмайтыны туралы ақпарат жарияланды.

  • БЗТ қосылған депозиттерге ТҚЖ стандартты шарттары қолданылатын болады. Яғни депозиттерге банктің жылдық 2 пайыз мөлшеріндегі сыйақысы және 20 пайыз мемлекеттік сыйлықақы (жыл нәтижесі бойынша жинақталған 200 АЕК-тен аспайтын жинақ сомаға) есептеледі.
  • БЗТ қосылған депозит көмегімен тұрғын үйді 3 жыл ішінде сатып алу қажет болады. Егер банк клиенттері БЗТ қосылған депозитті көрсетілген мерзім ішінде пайдаланбаса, олар БЖЗҚ-ға қайтарылады.
  • Салымды жауып, зейнетақы төлемдерін шешіп алуға болмайды. Шотты жапқан кезде ақша БЖЗҚ-ға қайтарылады.
  • Мұндай депозиттерді туыстарыңызға табыстаған кезде, депозиттегі БЗТ қаражаты БЖЗҚ-ға қайтарылады.
  • Депозитті бөлген кезде тек өз жинақтарыңызды және банк сыйақысын алуға болады, егер депозиттің мерзімі 3 жыл және одан көп болса онда мемлекет сыйлықақысын да қоса аласыз, бірақ БЗТ қаражаты БЖЗҚ-ға қайтарылады.
  • Бір адамның атында бірнеше депозит болса және олардың бірінің құрамында БЗТ қаражаты қосылған депозит болса депозиттерді қосуға болады. Немесе екі адамның депозиттері ал БЗТ қаражаты депозитті қабылдаушы тараптың атында болған жағдайда қосуға рұқсат беріледі.
  • Интернет-банкингте біржолғы зейнетақы төлемдерімен толықтырылған депозиттерді сатуға тыйым салынады. Оларды үшінші тұлғаның кепілгер депозиті ретінде де пайдалануға болмайды.

Бір жолғы зейнетақы төлемдерімен толықтырылған Отбасы банктегі салымдар үшінші тұлғалардың талаптарынан қорғалады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img