spot_img
Сенбі, Мамыр 24, 2025
10.1 C
Kokshetau

Қазақстанда зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелері өзгерді

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстанда тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер бекітілді. Бұл туралы 10 желтоқсанда кешке Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және ТКШ істері комитеті басшысының орынбасары Бақытжан Қашақов Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Баршаңызды қуантқым келіп тұр! Бүгін тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелеріне өзгерістерді бекіттік. Жаңа нормаларға сәйкес, енді:

– Тұрғын үй сатып алу үшін тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымды толықтыруға болады. Бұл ретте үш жыл ішінде тұрғын үй қарызын рәсімдеу қажет.

Сонымен қатар, мемлекет сыйлықақысы мен сыйақы мөлшерлемесі толықтырылған қаражат ескеріле отырып, салым сомасына төленеді.

– Жеке үй салу үшін жер учаскесін сатып алу немесе өзінің жер учаскесінде жеке үй салу.

Алайда тұрғын үй құрылысы жинақтары салымын кепіл ретінде беруге болмайды», – деп жазды комитет басшысының орынбасары.

Кейін шенеуніктің жаңалығына «Отбасы банк» басшысы Ләззат Ибрагимова пікір білдірді.

«Алақай! Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне, әсіресе құрылыс істері комитетіне алғыс айтамыз», – деп жазды ол Facebook-те.

Ләззат Ибрагимова өзгерістерге қатысты ақпаратты бүгін беруге уәде етті.
- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Еңбегімен ел мерейіне бөленген ұстаз

Нұрия Жаңабаева Көкшетау қаласы №6 мектеп-лицейінде 1992 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Ол отыз алты жыл бойы ұстаздықтың қыр-сырын...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика