spot_img
Бейсенбі, Мамыр 22, 2025
23.2 C
Kokshetau

50 метрдей жерге ұшырып жіберген: Алматыда 17 жастағы қызды көлік қағып өлтірді

Сондай-ақ...оқыңыз

Алматы қаласының Әуезов ауданында екі жаяу жүргіншіні көлік қағып, 17 жастағы қыз оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

дтп

Куәгерлердің айтуынша, Skoda автокөлігі Абай даңғылының бойымен батыс бағытта жоғары жылдамдықпен жүріп өткен. Алтынсарин көшесінің қиылысында бағдаршаммен жабдықталған жаяу жүргіншілер өткелінен жігіт пен қыз өтіп бара жатқан. Жүргізуші оларды бар жылдамдығымен қағып, 50 метрдей жерге сүйреп әкеткен. 2004 жылы туған қыз жедел жәрдем көлігі келгенше оқиға орнында көз жұмды. Ал екінші жаяу жүргінші жігіт ауыр жарақаттармен аурухана жеткізілді. Оның өмірі үшін дәрігерлер күресуде.

Адам өліміне әкелген апаттан кейін шетелдік көліктің иесі оқиға орнынан қашып кетіп, біраз уақыттан соң көлігін тастап жаяу қайта келген.

Кейін жол полициясының қызметкерлері Skoda Superb көлігін Кіші Саин көшесінің бойында, Абай даңғылының төменгі жолынан тапқан.

Оқиға орнында тергеушілер мен жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.


 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаулық оқушы биология пәні бойынша халықаралық олимпиадада күміс жүлде жеңіп алып, Қазақстан құрамасының жеңісіне үлес қосты

Көкшетау қаласының №8 орта мектептің 10-сынып оқушысы Егор Менгулов Сочи қаласында (Ресей) 2025 жылғы 10–17 мамыр аралығында өткен биология...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика