spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Осыдан 30 жыл бұрын Қазақ КСР атауы Қазақстан болып өзгерді

Сондай-ақ...оқыңыз

Осыдан тура 30 жыл бұрын Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауы Қазақстан Республикасы болып өзгерді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі мындай қаулы шығарды:

«Республиканың көпұлтты халқының өзін-өзі анықтау, адам құқықтары мен бостандықтарының мызғымастығы қағидаттарына, қоғамның саяси, экономикалық және идеологиялық әралуандығына негізделген демократиялық, тәуелсіз, бейбітшілік сүйгіш, құқықтық мемлекет құруға деген ұмтылысын негізге ала отырып, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы деп қайта атау».

Заңға Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды. Сол күні халық сайлаған еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ант берді.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады.

Назарбаев «Тәуелсіздік сабақтары» атты мақаласында сол күндердің оқиғаларын жазды. Нұрсұлтан Назарбаевтың толық мақаласын мына жерден оқи аласыздар.

Сонымен қатар, 1997 жылы 10 желтоқсанда астананың Алматыдан Ақмолаға көшірілуі ресми түрде жарияланды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img