spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Америкалық отбасы асырап алған қыз Қазақстаннан биологиялық әкесін іздеп жүр

Сондай-ақ...оқыңыз

Америкалық отбасы асырап алған Элизабет Азиз Қазақстаннан туған әкесін іздеп жүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап. 

Бойжеткен биологиялық анасын тапқан. Алайда ол әкесі жайлы ешқандай мәлімет бермепті. Элизабет туған анасын қалай іздеп тапқанын баяндап берді.

«Instagram-да есімі дәл сондай әйелді көріп, жаздым. Енді биологиялық әкемді немесе оның отбасын іздеймін. Менде ол кісінің есімі Жасұлан Тлеуов деп жазылған. Бірақ шын есімі осы екеніне сенімді емеспін. 2003 жылы Ақтөбеде тұрғанын, ол кезде жасы 16-18-де болғанын да білемін», – дейді бойжеткен.

Қыздың айтуынша, биологиялық әкесі мектеп бітіргеннен кейін, әскерге кеткен. Кейін жол апатынан қайтыс болды деп естіген. Алайда бойжеткен бұл ақпараттың рас-өтірігін анықтағысы келеді.

«Бойы ұзын, орысқа ұқсас болатын деп айтты. Балалар үйіндегілер ұлты татар болуы мүмкін деп болжады. Бар білетінім осы», – дейді Элизабет. Қазіргі уақытта Элизабет АҚШ-та тұрады. Оны америкалық отбасы асырап алған.

Айта кетейік, қазан айында Американың Юта штатында тұратын Алисса Петерсон туралы жазған едік. Үш жасында америкалық отбасы асырап алған Алисса туған анасын көргісі келеді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img