spot_img
Жексенбі, Қазан 20, 2024
2.2 C
Kokshetau

Министрліктер мен әкімдіктер бюджет ақшасын игере алмай жатыр

Сондай-ақ...оқыңыз

Қаржыны ең көп игермеген әкімдіктер – Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстары. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев республикалық бюджет ақшасын игере алмай жатқан министрліктер мен әкімдіктерді атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, мемлекеттік бюджеттің шығыстары 97,5%-ке, республикалық бюджеттің шығыстары – 99,4%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары 95,8%-ке атқарылды.

«Республикалық бюджет бойынша шығыстар 13 триллион теңгені құрады. 81 миллиард теңге атқарылмады, оның ішінде 15 миллиард теңге үнемделген. Игерілмегені –  66 миллиард теңге», – деді Жамаубаев үкімет отырысында.

Неғұрлым ірі соманы игермеген ведомстволар – мәдениет және спорт, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, индустрия және инфрақұрылымдық даму, ауыл шаруашылығы және ішкi iстер министрліктері.

Игерілмеудің негізгі себептері: нақты көрсетілген қызметтер көлемі үшін ақы төлеу; орындалған жұмыс актілерін, шот-фактураларды уақтылы ұсынбау; конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу; қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізу қажеттілігі.

Сондай-ақ министрдің айтуынша, жергілікті бюджеттердің шығыстары 8 триллион теңгені құрады. 327 миллиард теңге атқарылмаған.

Биыл өңірлерге 2,5 триллион теңге нысаналы трансферт көзделген. 1 қарашадағы жағдай бойынша оларға 2 триллион 157 миллиард теңге бөлінді. Оның 94,2%-і игерілді.

«Атқарылмағаны – 124 миллиард теңге, оның ішінде үнемделгені – 21 миллиард теңге», – деді ведомство басшысы.

Қаржыны ең көп игермеген әкімдіктер – Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстары және Алматы қаласы.

Әрі қарай оқу: https://sputnik.kz/economy/20211209/18864356/ministrlikter-akimdikter-byudzhet.html

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Партияның қоғамдық қабылдауларындағы орталық мемлекеттік орган өкілдерімен өтетін онлайн қабылдау тәжірибесі өз тиімділігін көрсетіп отыр

Ақмола облыстық мәслихаты жанындағы «АМАNАТ» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Умар Шоназаров Республикалық қоғамдық қабылдауда Қазақстан Республикасы Су шаруашылығы және...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img