spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Еңбек министрлігі ел тұрғындарына тағы да үндеу жасады

Сондай-ақ...оқыңыз
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін белгілеу әдістемесіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2021 жылғы 7 желтоқсанда таратылған баспасөз релизінде зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін белгілеу мәселесінде Еңбекминінің құзыретіне қатысты бұрыс тұжырымға жол берілгенін хабарлайды. Осы баспасөз релизін Еңбекминінің ресми сайтында, аккаунттарында және әлеуметтік медиада орналастырған қызметкерге тиісті тәртіптік жазалау шаралары қолданылды» делінген хабарламада.
Министрліктің ресми ұстанымы өзгеріссіз қалады. Министрлік зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесін әзірлеуші болып табылады. 2021 жылғы 8 желтоқсандағы жағдай бойынша әдістемеге өзгерістер енгізілген жоқ және жоспарланбаған, өйткені оның ағымдағы нұсқасы қазақстандықтарға болашақ зейнетақы төлемдерін қолайлы деңгейде қамтамасыз етудің қажетті өлшемдеріне толық сәйкес келеді. Әдістемеге сәйкес жеткіліктілік шегін есептеудің негізгі параметрлерінің бірі күнтізбелік жылдың басындағы ең төменгі жалақы болып табылады.
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап оның өзгеруі қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеткіліктілік шегі автоматты түрде қайта есептеуге әкелді.
- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img