spot_img
Жұма, Сәуір 18, 2025
-1.3 C
Kokshetau

АҚШ-та ер адам ұшақ орнынан қозғала берген сәтте секіріп кетті

Сондай-ақ...оқыңыз

Аризона штатындағы Финикс Скай-Харбор халықаралық әуежайында орнынан қозғалып, ұшуға бет алған ұшақтан секірген ер адам туралы сол өңірдегі CNN агенттігі хабарлады. «Хабар 24«

Оқиға Колорадо-Спрингс бағытында ұшып келе жатқан 4236 рейсінде болған.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшақ келген жолаушылар үшін шығу жолдарының біріне қарай жылжып бара жатқанда, борттағы жолаушы ұшақтың артқы бөлігіндегі люк арқылы шыққан» – делінген.

Содан кейін капитан ұшақты тоқтатып, авиациялық-диспетчерлік қызметті хабардар еткен. Ер адам ұшу-қону жолағына құлап, аяғын жарақаттап алған. Әуежайда орналасқан өрт сөндіру бөлімі өкілінің айтуынша, тәртіп бұзған адам ғимаратқа өзі жетіп, бөлмелердің біріне кірген де есікті ашпай қойған.

«Бірнеше минуттан кейін өрт сөндірушілер ер адамды есікті ашуға көндірген, содан кейін тексеріп, қажетті көмек көрсеткен және аяғын жарақаттап алғандықтан, оны ауруханаға жеткізген», – деп толықтырды мамандар.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ШӘМШІ» ЭЛЕГИЯСЫ КӨКШЕТАУДА!

2025  жылы 1 мамыр күні Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика