spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Қостанайда автомобиль өндірісі ұлғайтылмақ

Сондай-ақ...оқыңыз
Машина жасау саласында 363,7 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Бұл туралы осы өңірдің әкімі Архимед Мұхамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. inform.kz.
«Машина жасау саласына жеке тоқталғым келеді. Есепті кезеңде мұнда (жыл басынан) 363,7 млрд теңгенің өнімі өндірілді, өсімі – 17,7 пайыз. Автоөнеркәсіп 2021 жылдың наурыз айынан бастап KIА маркалы автомобильдерді құрастыра бастады және осы жұмыс істеген кезеңде 7 863 көлік шығарылған. Биылғы шілде айында «АвтоВаз» және «Renault Россия» компанияларымен бірлесіп, LADA автомобильдік желісінің және Renault автомобильдерінің өндірісі жолға қойылды», – деді А. Мұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде.
Оның айтуынша, кәсіпорын шағын тораптық әдіспен (CKD) автомобильдер өндірісі жобаларын ұлғайтуды жоспарлап отыр. Өткен кезеңде «СарыарқаАвтоПром» ЖШС конвейерінен барлығы – 44 115 көлік құрастырылып, оның 6 мыңнан астамы экспортқа жіберілген.
- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img