spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Алматы тұрғыны 185 тонна кальян темекісі контрабандасы үшін сотталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Салмағы 185 тонна кальянға арналған темекінің экономикалық контрабандасын жасаған Алматы тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде жалпы салмағы 185 тонна кальянға темекіні Түрік Республикасынан ҚР-ның (Алматы қаласына) кеден аумағына заңсыз әкелу дерегі анықталды. Темекі ҚР кеден заңнамасын бұза отырып, мақта иірімжібінен жасалған мата түрінде әкелінген. Кальянға арналған темекінің кедендік құны 620 миллион теңгеден асады», – делінген хабарламада.

Тергеу барысында Э.Ражаповтың жалған құжаттарды қолданғаны, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу үшін дұрыс декларацияламағаны дәлелденді.

 

Э.Ражапов 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img