spot_img
Сенбі, Шілде 19, 2025
12.2 C
Kokshetau

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген ресейлік музыкалық жүлдеге ұсынылды.

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген ресейлік «Виктория» музыкалық жүлдесіне ұсынылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұйымдастырушылар мәліметінше, марапаттау рәсімі 2 желтоқсанда Мәскеудегі мемлекеттік Кремль сарайында өтеді.

«Жыл әншісі» санаты бойынша сыйлыққа Дима Билан, Леонид Агутин, Jony, Филипп Киркоров сынды танымал әртістер ұсынылған. Бұл номинацияда Димаштың «Я скучаю по тебе» әні сарапқа түседі.

«Жыл композиторы» номинациясына Димаштың тағы бір шығармасы – «Ave Maria» ұсынылды, авторы Игорь Крутой. Ән алғаш рет Сочидегі «Новая волна – 2021» фестивалінде орындалған болатын.

Айта кетейік, 2019 жылы Димаш екі номинация – «Жыл жаңалығы» және «Классикалық музыкадағы үздік орындаушы» номинациялары бойынша «Виктория» жеңімпазы атанған еді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Кәсіпкерлер Палатасы «Jańa Dala / Green Day – 2025» халықаралық агро көрмесіне қатысты

Ақмола облысы Целиноград ауданында"Jańa Dala / Green Day-2025"халықаралық агро көрмесі өткізілді. Бұл көрме еліміздің мамандандырылған ірі аграрлық шараларының бірі....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика