spot_img
Дүйсенбі, Қараша 24, 2025
-0.8 C
Kokshetau

Павлодар облысында 7 тұрғын вакцина паспортын сатып алғанын мойындады

Сондай-ақ...оқыңыз
Жалған екпе төлқұжаты бар бұл азаматтар өз емханасына өтініш жазып, COVID-19 вирусына қарсы вакцинаны іс жүзінде салдырта алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Облыстың жеті тұрғыны емханаларға барып, жалған екпе паспорты бар екенін хабарлады. Мұндай өтініштер Шарбақты аудандық ауруханасына, теміржол ауруханасына, Павлодар қаласының №4 емханасына, «Данель» және Ақсу қалалық ауруханасына келіп түскен», – деп хабарлады Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.
Өтініш жазғандар арасында өз денсаулығына алаңдап, екпе салдыртуды шешкендер болған. Себебі сатып алынған паспорт оларды коронавирус инфекциясынан қорғай алмайды.
«Кейбіреулерінің вакцинация датасы сәйкес келмеген: қағазда адамның екпені емханада алғаны жазылса, іс жүзнде ол сол уақытта жұмыста болған. Өтініш жазып келгендердің көбі паспортты елдің басқа облыстарында сатып алғанын айтып берді», – деп атап өтті облыстық басқармадан.
Жалған екпе төлқұжатын жасатқан Ертіс маңы тұрғындары әлі де өз емханасына келіп, өтініш жаза алады. «Сол арқылы олар COVID-19 вирусына қарсы нақты вакцинациядан өте алады» деп нақтылады ведомстводан. 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазақ  халқының дәстүрлі  киімдері

Қазақтың ұлттық киімі – ұлтымыздың айнасы. Халқымыз ерте заманнан түрлі әсем киім үлгілерін жасап, киіп келген. Осы киімдердің эстетикалық,этно-мәдени,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика