spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Қазақстандықтар Pfizer екпесін ақылы түрде ала алады

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстандықтар Pfizer вакцинасын ақылы негізде ала алады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды «Aqmola News».

Алексей Цой Қазақстанға 379 мың доза көлемінде Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілгенін ерекше айтып өтті. Ал екінші партиясын 20 қарашаға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Оның айтуынша, қазір Pfizer-мен вакцинациялау жеті өңірде басталды: Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан облыстарында, сондай-ақ Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында.

Бүгінге дейін 1 313 бала, 247 жүкті және бала емізетін әйел адам егілді. Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК тапсырмасына сәйкес, халықты ерікті түрде ақылы вакцинациялау үшін Pfizer вакцинасын коммерциялық нарыққа өткізу мүмкіндігі туралы Үкімет қаулысының жобасы әзірленді. Қолдау сұраймын», – деді Цой.

Оның ұсынысын министрлер кабинеті қолдады.

«Қалаған адам вакцинаны ақылы түрде ала алатындай етіп, екпені нарықтың коммерциялық сегментіне жеткізу мүмкіндігі туралы ұсынысты қолдаймын. Вакциналарды сақтау орындарына және тасымалдау кезінде сақтау режиміне ерекше назар аудару керек. Осыған байланысты ақпараттық-түсіндіру жұмысын, сол сияқты вакцинация және ревакцинация қағидаларының сақталуын қамтамасыз етуді сұраймын», – деп тапсырды Премьер-министр Асқар Мамин.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img