spot_img
Жексенбі, Қараша 24, 2024
-7.2 C
Kokshetau

Ақмолада 2 қарашадан бастап «Ashyq» жобасы арқылы жұмыс істейтін нысандардың жұмыс режимі ұзартылады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында  бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес 1 қараша сағат 00:00-ден бастап бірқатар карантиндік шектеулер енгізілмек,-деп хабарлайды «Aqmola News»ақпарат агенттігі. 

Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина 2 қарашадан бастап енгізілетін өзгерістер туралы түсіндірді.

Қабылданған қаулыға сәйкес, «Ashyq» жобасына қатыспайтын объектілерге арналған шектеулер өзгеріссіз қалмақ.

«Ashyq» жобасына қатысушылар үшін жұмыс уақыты сағат 00:00-ге дейін, жоба жетекшілері үшін 02:00-ге дейін ұзартылды. «Ashyq» жобасына қатыспайтын мекемелерге салтанатты, естелік, отбасылық іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар) өткізуге тыйым салынады. Жобаға қатысатындар мұндай іс-шараларды қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз «жасыл» мәртебе болған жағдайда (вакцинация, сынамаларды іріктеу сәтінен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижемен ПТР-тест, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы үш ай ішінде ауырып жазылған адамдар) және 50 пайызға дейін, бірақ 50-ден аспайтын орын толтырылған жағдайда, «Ashyq» көшбасшылары – 50 пайызға дейін, орын саны 70-тен аспаған жағайда өткізе алады. «Банкет залдарында өткізілетін «Ashyq» жобасына қатысатындарды қоспағанда, еске алу асын беруге тыйым салынады. Ал «Ashyq» жобасына қатысатындар үшін сағат 07:00 -ден 00:00-ге дейін, ал «Ashyq» жетекшілеріне сағат 07:00-ден 02:00-ге дейін 50 адамнан асырмай рұқсат етіледі», – деп түсіндірді бас санитар.

Демалыс күндері қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіз «жасыл» мәртебесі болған жағдайда объектілердің жұмысына рұқсат етіледі.

«Жасыл» мәртебенің болуына қойылатын талаптар және жұмыс режимінің шектеулері облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдарға, қонақ үйлерге, білім беру объектілеріне, ЖОО-ларға, колледждерге, интернаттарға және білім беру ұйымдарының жатақханаларына қолданылмайды.

«Ақмола облысының өңірлік жедел штабы отырысының 2021 жылғы 25 қазандағы хаттамасына сәйкес, мемлекеттік органдардың, өнеркәсіптік кәсіпорындардың, агроөнеркәсіптік сектордың COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған қызметкерлері үшін (соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және COVID-19-мен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда), ұйымдардың вакцинацияланбаған қызметкерлері үшін (7 күнде 1 рет) міндетті ПТР-тестілеумен (7 күнде 1 рет) күндізгі режимде жұмысқа жіберуді шектеу бойынша контингент кеңейтілді», – деп толықтырды А.Мусина.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img