spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

ҚР Премьер министрі Асқар Мамин Ақмола облысының бірнеше аудандарын аралады

Сондай-ақ...оқыңыз
 ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Ақмола облысына жұмыс сапары барысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасының іске асырылуын тексерді,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.
Үкімет басшысы Астрахан ауданының Астраханка ауылындағы және Атбасар ауданының Бастау ауылындағы денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт, тіршілікті қамтамасыз ету және АӨК нысандарын аралады.
Ақмола облысында 298 перспективалы ауылдық елді мекен анықталды. 2019-2021 жылдары өңірдің ауылдық аумақтарының инфрақұрылымын жаңғыртуға 70 млрд теңге бөлінді.
«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын, ТКШ, кентішілік жолдарды, су құбыры желілерін жөндеу және салу бойынша 88 жоба іске асырылды. 1140 жұмыс орны құрылды, оның ішінде 200-і тұрақты жұмыс орны.
Биыл барлық мемлекеттік бағдарлама бойынша Ақмола облысының ауылдық елді мекендерін дамыту бойынша жалпы сомасы 22,3 млрд теңгеге 203 жоба іске асырылып жатыр. 2022-2025 жылдарға өңірдің ауылдық аймақтарын дамытуға шамамен 120 млрд теңге бөлу жоспарланған.
Асқар Мамин сапар кезінде еңбек ардагерлерімен және өңірдің құрметті тұрғындарымен кездесті.
Үкімет басшысы ауылдық елді мекендердің дамуына жаңа серпін беретін «Ауыл – Ел бесігі» жобасын уақтылы және сапалы іске асырудың маңыздылығын атап өтті.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыруға және ауылдық елді мекендердегі тұрмыс сапасын арттыруға көп көңіл бөледі. Үкімет мүшелері «Ауыл – Ел бесігі» жобасының және ауыл аймақтарын дамытудың басқа да бағдарламаларының орындалуын бақылау бойынша еліміздің барлық өңіріне инспекциялық сапарларды бастады. Ауылдық жерлерде инфрақұрылымды жаңғырту бойынша жобаларды іске асыру қарқыны ерекше бақылауда», — деді А. Мамин.
- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img