spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Ұйғыр мәдени орталығы Пенжім ауылында төбелестен жарақат алған балаға көмектесуге әзір

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан халқы Ассамблеясына қарасты Қазақстан ұйғырлары республикалық мәдени орталығы Алматы облысындағы жаппай төбелестен зардап шеккен балаға бүкіл көмекті көрсетуге әзір. ҚазАқпарат орталықтың мәлімдемесінің мәтінін жариялайды.

«Құрметті Қазақстан азаматтары! Панфилов ауданының Пенжім ауылында 27 қазанда болған оқиға бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде белгілі бір резонанс тудырды. Өкінішке қарай, жергілікті мектептің 9-10 сынып оқушылары арасындағы төбелестен ұлдардың бірі – Нұрбол Әділхан ауруханаға түсті. Біз, «Қазақстан ұйғырлары республикалық мәдени орталығының» басшылары жасөспірімнің ата-анасына шын жүректен қайғырып, оны емдеу мен оңалтуға қажетті кез келген көмекті көрсетеміз. Екінші жағынан, біз, орын алған бұл оқиғаны, әлеуметтік желілерде этносаралық жанжал ретінде көрсетуге тырысудан бас тартамыз. Ия, 28 қазанға қараған түні ауылдың кейбір тұрғындары үйлер мен көліктердің терезелеріне тас лақтырып, ұсақ бұзақылыққа жол берді. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде аталмыш этносаралық қақтығыстар туралы тарап жатқан қауесеттердің ешқандай негізі жоқ екенін жауапкершілікпен мәлімдейміз. Алматы облысы басшылығының, құқық қорғау органдары мен Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің жедел іс-қимылдарының нәтижесінде ауылда қоғамдық қауіпсіздік, азаматтардың бейбітшілігі мен тыныштығы қамтамасыз етілді. Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық орынбасары З.Кузиев, Қазақстан ұйғырлары республикалық мәдени орталығының өкілдері Пенжім ауылында және жигит-бешимен бірге билік пен полицияға осы оқиғаны шешуге көмектесуде. Біз төбелеске және арандатушылыққа қатысы бар адамдардың барлығы заңға сәйкес жазаланатынына сенімдіміз. Біз азаматтарды сабырлық сақтауға, ресми ақпаратқа сенуге және әртүрлі жалған хабарламаларға, әлеуметтік желілердегі қызуқандылыққа бой алдырмауға шақырамыз! Панфилов ауданының қазақтары мен ұйғырлары жақсы қарым-қатынастарды, көпжылдық достықты, бауырластық байланыстарды бағалайды және «зиянды арандатушылар» осы оқиғаны пайдаланып, арадағы достыққа сызат түсіруге жол бермейді»-делінген.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Панфилов ауданы Пенжім ауылында оқушылар арасында жаппай төбелес болғанын хабарлаған болатынбыз. Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ресми ақпаратына сәйкес, аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Дәрігерлер зардап шеккен баланың денсаулығы туралы айтты.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img