spot_img
Жексенбі, Қараша 24, 2024
-7.2 C
Kokshetau

Ассамблеяға патриоттық ұйым ретінде құрмет көрсетуіміз керек – Тоқаев

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА-ның патриоттық идеологиядағы рөліне тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде ассамблеяның конституциялық мәртебесі бар. Ол өз қызметінде қазақстандықтарды елдің қоғамдық-саяси өміріне кеңінен тартуға бағытталған жаңа тәсілдер мен стандарттарды енгізеді. Ассамблея әрқашан мемлекеттік тілді насихаттауға және оның Қазақстандағы мәртебесін нығайтуға көп көңіл бөлді. Бұл үшін біз ҚХА-ға патриоттық ұйым ретінде құрмет көрсетуіміз керек. Азаматтық белсенділіктің қайырымдылық, әлеуметтік кәсіпкерлік, меценаттық, медиация сияқты жаңа нысандары әдеттегі тәжірибеге айналды», – деді Президент ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысында.

Президенттің айтуынша, әлемдік тәжірибе этникалық фактор, ұлтаралық қатынастар әлі күнге дейін түрлі қақтығыстардың тұтандырғыш оттығы болып отырғанын көрсеткен.

 

«Оның деструктивті әлеуеті ақпараттық және гибридтік соғыстардың қазіргі заманында, популистік мәлімдемелер мен алыпсатарлықтың жиілеп кеткен кезеңінде күшейе түсті», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img