spot_img
Жұма, Сәуір 11, 2025
21.2 C
Kokshetau

Қазақстанда ғана өндірілген вакциналарды тегін егуді қарастырып жатырмыз – министр

Сондай-ақ...оқыңыз

Келер жылдан бастап Қазақстанда COVID-19-ға қарсы отандық вакциналар ғана егілуі мүмкін бе? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға осындай сұрақ қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің пайымымыз бойынша, Қазақстанның өзге елдерге қарайламай, тиімділігі клиникалық зерттеулермен дәлелденген өз вакцинасын шығара алатын мүмкіндігі бар болғандықтан, отандық екпені ғана кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында сатып алуға болады. Оның өзінде қалған вакциналар тұмау сияқты аурулардың екпесі секілді коммерциялық айналымға жіберіледі. Біз қазір өндіруші компанияларды нарыққа кіріп, қызметін ұсынуға үгіттеп жатырмыз», – деді министр.

Ведомство басшысы Қазақстанда тіркелген вакциналарды шектеу жоспарланбағанын айта келіп, бұл шетелдік вакцина түрлерін азаматтар өз қаражаты есебінен ғана қолданатынын түсіндірді.

«Яғни, Спутник V және QazVac вакцинасынан басқа екпелерді қосымша, ақылы негізде салдыруға болады. Қазір фармкомпаниялар бұл мәселені пысықтап жатыр», – деді Алексей Цой.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Ардагерлерді ардақтайық»: «AMANAT» партиясы созылмалы ауруға шалдыққан қарияларға қамқорлық жасады

Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы созылмалы ауруы бар қариялар үй жағдайында тегін медициналық тексеруден өтті. Іс-шараны «AMANAT» партиясы Қобда аудандық...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img