Сандықтау ауданы әкімінің жаңа орынбасары болып Омаров Қайрат Сергеевич тағайындалды, деп хабарлайды « Aqmola News».
Қайрат Омаров еңбек жолын 1983 жылы Есіл АТЭП колоннасының механигі болып бастады, содан кейін Есіл АТЭП жоспарлау-экономикалық бөлімі бастығының орынбасары және бастығы лауазымын атқарды.
1992 жылдан бастап Балкашин АТБ бас инспекторы болып жұмыс істеді. 1997 жылдан 2000 жылға дейін Балкашин ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды. 2002 жылдан 2006 жылға дейін ҚР АШМ Сандықтау аудандық аумақтық басқармасының техникалық қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді.
2008 жылдан 2011 жылға дейін Сандықтау ауданының ТКШ бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді. 2011 жылдан 2012 жылға дейін Сандықтау ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2012 жылдан 2019 жылға дейін Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. 2020 жылдан бастап ағымдағы жылдың тамыз айына дейін Ақмола облысы Ауыл шаруашылығы басқармасында мемлекеттік техникалық инспекторы болып жұмыс істеді.
Осы жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Сандықтау ауданының ТКШ бөлімінің басшысы қызметін атқарды.