spot_img
Сәрсенбі, Шілде 9, 2025
16.9 C
Kokshetau

Көкшетауда заңсыз құрылыс салып жүрген 12 өзбек азаматы жауапкершілікке тартылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда құрылыс нысанында заңсыз жұмыс істеп жүрген 12 шетел азаматы анықталды, деп хабарлайды «Aqmola News»

Өзбекстаннан келген мигранттар заңсыз қызмет етіп жүргені белгілі болды.

Көші-қон полициясы кезекті рейд барысында облыс орталығындағы салынып жатқан мекемелердің бірі тексерілді. Тексеріс кезінде полицейлер құрылыс нысанында  заңсыз жұмыс істеп жүрген 12 Өзбекстан азаматын анықтады. Олардың ешқайсысынан жұмысқа орналасуға ешқандай рұқсат құжаттары болмай шыққан.

«Қазанның 11-18 аралығында жедел профилактикалық шаралары ұйымдастырылған. Көші-қон заңнамасын бұзған шетел азаматтары әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 519 бабы бойынша сондай-ақ, шетел азаматтарын жұмысқа тартқан жұмыс беруші де әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – дейді – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Бірнеше күн бойы көші-қон, криминалды, патрульдік, және учаскелік полиция инспекторларынан арнайы құрылған мобильдік топтар рейд шараларын ұйымдастырады. Шара шеңберінде шетел азаматтарының мемлекеттік шекараның заңсыз кесу, халықаралық іздеудегі және діни деструктивті ағымдарға қатыстылығы тексеріледі.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ,

Ақмола облысы

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Зеренді ауданында 12,5 млрд теңгеге тау-кен байыту комбинаты салынып жатыр

Ақмола облысы елдегі жетекші өнеркәсіптік өңірлердің бірі ретінде өз позициясын нығайтуды жалғастыруда. Қазіргі таңда Зеренді ауданында «Qazaq Qaolin» ЖШС-нің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика