spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Тоқаев Словакияның Сыртқы және Еуропалық істер министрімен кездесті

Сондай-ақ...оқыңыз

Президент Словакияның Сыртқы және еуропалық істер министрі Иван Корчокты қабылдады, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған Қазақстан-Словакия қатынастарының перспективалары талқыланды. Сондай-ақ Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға қатысты аймақтық қауіпсіздік мәселелері қарастырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Иван Корчоктың Қазақстанға сапарының маңыздылығына тоқталып, бұл кездесу екіжақты ынтымақтастықты дамытуға тың серпін беретінін атап өтті.

– Сіздің сапарыңыз Қазақстандағы тарихи датаға сәйкес келіп отыр. Екі айдан кейін ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеміз. Келесі жылы Словакия да осындай тарихи межеге жетеді. 2019 жылы біз Братиславада елшілік аштық. Бұл біздің көптеген бағыт бойынша тығыз ынтымақтастық орнатуға бейілді екенімізді көрсетеді, – деді  Мемлекет басшысы.

Президент министрге Қазақстанда COVID-19 індетіне қарсы күрес бойынша қабылданған шаралар, Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру мен осы елге көрсетіліп жатқан гуманитарлық көмек туралы айтты.

 

Иван Корчок Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездесуге мүмкіндік бергені үшін ризашылығын білдіріп, келе жатқан Тәуелсіздік мерейтойымен құттықтады.

Министр Президенттің Қазақстанды жаңғырту ісіндегі көшбасшылық қабілетін, халықтың әл-ауқатын арттырудағы және мемлекеттің қауіпсіздігін нығайтудағы еңбегін Словакия басшылығы жоғары бағалайтынын жеткізді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия басшысы Зузана Чапутоваға сәлемін жолдап, оның келесі жылы Қазақстанға сапармен келетініне үміттенетінін айтты.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img