spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Қорғалжын ауданында ауыл мектебінің жылу жүйелері жаңартылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Ақмола облысында игі істер марафоны жалғасуда. Акцияны қолдауда мемлекеттік қызметшілер де белсенділік танытуда. Қорғалжын ауданы әкімінің орынбасары Дарын Сабырғалидің бастамасымен Өркендеу ауылындағы мектепте пеш жабдықтары ауыстырылды, деп хабарлайды «Aqmola News» облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Аудан әкімдігінен атап өткендей, ауыл мектебі қысқа толық дайындықпен келді. Яғни, демеушілер тобының қолдауымен сатып алынған қажетті жабдықтар жеткізіліп орнатылды. Баласы осы мектепте оқитын ауыл тұрғындары үшін бұл қуанышты жаңалық болды.

«Біз, ауыл тұрғындары, мәселені шешуге көмектескендердің барлығына шынайы алғысымызды білдіреміз. Бүгінде 105 оқушы жылы кабинетте оқиды», – дейді оқушылардың ата-анасы Төлеухан Бидалов пен Бота Оспанова.

Айта кетсек, Өркендеу ауылындағы Амангелді орта мектебі 1968 жылы салынған. Бүгінгі таңда мектепте 11 оқу кабинеті және екі зертхана, соның ішінде мультимедиа, информатика, физика, лингафон, биология және технология кабинеттері жұмыс істейді.

Еске сала кетсек, биылғы жазда Қорғалжын ауданының Алғабас ауылында кәсіпкерлердің қолдауымен бастауыш мектептің су құбыры мен кәріз жүйесі пайдалануға берілген болатын.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img