spot_img
Бейсенбі, Мамыр 22, 2025
23.2 C
Kokshetau

Елордалық опера әншісі Башқұртстанның халық әртісі атанды

Сондай-ақ...оқыңыз

Альфия Каримова «Башқұртстан Республикасының Халық әртісі» құрметті атағына ие болды. Қазақстанға үш күндік ресми сапары аясында Башқұртстан басшысы Радий Хабиров марапатты әншінің өзіне табыс етті. Бұл туралы «Aqmola News» «Астана Операның» баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Альфия елордалық театрда ашылған сәттен бастап жұмыс істейді. 2015 жылы жетекші солист «үздік әйел дауысы» номинациясында The opera ball award сыйлығын алды. Әнші халықаралық байқауларда көптеген жеңіске жеткен. Оның ішінде Н.Римский-Корсаков атындағы (Санкт-Петербург, Ресей, 2006), Ф.Виньяса атындағы (Барселона, Испания, 2007) халықаралық байқаулар бар. Ол – «Золотая маска» (Ресей) ұлттық театр сыйлығының номинанты. Сондай-ақ, 2007 жылы Бибігүл Төлегенованың Халықаралық вокалистер байқауының гран-при иегері атанды.

Альфия Каримованы халықаралық вокалистер байқауына қазылар алқасының мүшесі ретінде жиі шақырады. Осылайша, Альфия Каримова Ұлыбританияда, Ресейде және Қазақстанда талантты әншілерді іріктеуге атсалысқан.

Опера әншісі педагогикалық қызметпен айналысады. ҚазҰӨУ-де вокалдық өнер және дирижерлеу кафедрасында сабақ береді.

Оның есімін Италия, Испания, Нидерланд, АҚШ, Канада, Түркия, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Ресей және ТМД елдеріндегі концерт залдары мен театрларының афишаларынан жиі байқауға болады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаулық оқушы биология пәні бойынша халықаралық олимпиадада күміс жүлде жеңіп алып, Қазақстан құрамасының жеңісіне үлес қосты

Көкшетау қаласының №8 орта мектептің 10-сынып оқушысы Егор Менгулов Сочи қаласында (Ресей) 2025 жылғы 10–17 мамыр аралығында өткен биология...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика